National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудқа Қос киенің сақшысы, Король Абдалла бен Әбдел Әзиз Әл Саудтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

2015 жылғы 23 қаңтар

 

Жеделхатта сауд монархының қайтыс болғаны туралы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

Қазақстан Президенті Король Абдалланың өз өмірін Сауд Арабиясы халқының, бүкіл ислам жамағатының мүддесін қорғауға, адамзаттың әділдік пен ізгілік жолындағы дамуына арнағанын атап өткен.

«Қазақстан халқы Король Абдалланы парасатты басшы, беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға орасан зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайтын болады», – делінген жеделхатта.  

Нұрсұлтан Назарбаев орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудқа және барша Сауд Арабиясы халқына көңіл айтты. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің