National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның халық суретшісі Қанапия Телжановтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

2013 жылғы 30 қыркүйек

 

Жеделхатта суретшінің қолынан шыққан ұлттық бояуы қанық, айтар ойы терең картиналар отандық кескіндеме өнерінің ең жауһар туындылары қатарынан саналатыны атап өтілген.

«Ол жемісті шығармашылық қызметпен айналыса жүріп, республикамыздың Суретшілер одағына басшылық жасады, Алматыдағы көркемсурет галереясының жұмысына жетекшілік етті. Үзбей ұстаздық қызметпен айналысып, көптеген шәкірттер тәрбиеледі, халқымыздың эстетикалық талғамының өсуіне мол үлес қосты. Суретшінің еңбегі әр жылдары еліміздің құрметті атақтарымен және мемлекеттік наградаларымен атап өтілді», – делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті суретшінің есімі мен оның туындылары халқымыздың жадында әрдайым сақталатынын атап көрсеткен.   


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің