Жеделхатта суретшінің қолынан шыққан ұлттық бояуы қанық, айтар ойы терең картиналар отандық кескіндеме өнерінің ең жауһар туындылары қатарынан саналатыны атап өтілген. «Ол жемісті шығармашылық қызметпен айналыса жүріп, республикамыздың Суретшілер одағына басшылық жасады, Алматыдағы көркемсурет галереясының жұмысына жетекшілік етті. Үзбей ұстаздық қызметпен айналысып, көптеген шәкірттер тәрбиеледі, халқымыздың эстетикалық талғамының өсуіне мол үлес қосты. Суретшінің еңбегі әр жылдары еліміздің құрметті атақтарымен және мемлекеттік наградаларымен атап өтілді», – делінген жеделхатта. Қазақстан Президенті суретшінің есімі мен оның туындылары халқымыздың жадында әрдайым сақталатынын атап көрсеткен.