National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Королі Альберт II-ге және оның ұлы Филипке жоғары биліктің ресми түрде берілуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

2013 жылғы 22 шілде

 

Жеделхатта Қазақстан Президенті Бельгияның ұлттық мерекесі – Корольдің ант беру күнімен құттықтап, бұл күні биліктің берілуінің символдық мәні барын және маңызды тарихи оқиға болып саналатынын атап өтті.

«Өкілеттігіңізді ұлыңызға беруіңіз Бельгия халқының есінде қалатын тарихи маңыздылығы зор оқиға болмақ. Мен Брюссельде өткен екіжақты кездесулерді ықыласпен еске аламын. Елдеріміз арасындағы достық пен екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған игі қадамдар Сіздің жеке қолдауыңыздың арқасында іске асырылғаны анық», – деп атап өтілген Король Альберт II-нің атына жолданған құттықтау жеделхатында.

Нұрсұлтан Назарбаев ханзада Филиптің Қазақстанға 2010 жылғы қазандағы сапарынан кейін де жылы сезіммен еске алатынын атап өткен.

«Біздің елдеріміз арасында қалыптасқан өзара қарым-қатынастар Сіздің қолдауыңызбен алда да екі ел халықтарының игілігі үшін достық және өзара түсіністік рухында одан әрі дамитынына сенемін», – делінген жеделхатта.

Соңында Мемлекет басшысы Альберт II-ге және Король Филипке зор денсаулық, қызметтеріне мол табыс, ал Бельгия халқына – бақ-береке және игілік тілеген.   


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 24 қаңтар

Мемлекет басшысы «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады

2025 жылғы 27 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады

Жарлық

2025 жылғы 23 қаңтар

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің