Мемлекет басшысы Эссон Департаментіндегі қайғылы жағдай туралы жайсыз хабарды күйзеле қабылдағанын атап өткен. «Қазақстан халқының және жеке өз атымнан Сізге және қаза болғандардың туған-туыстарына, сондай-ақ барша француз халқына шын ниетпен қайғырып көңіл айтамын. Осындай қиын кезде сабырлылық пен төзімділік тілеймін. Апаттан зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектеспін», – делінген жеделхатта