National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковаға жеделхат жолдап, оны Лондондағы Олимпиялық ойындарда алтын медаль жеңіп алуымен құттықтады

2012 жылғы 06 тамыз

- ХХХ жазғы Олимпиялық ойындардың жеңіл атлетика сынындағы жеңісіңмен және алтын медаліңмен құттықтаймын.

Қазақстандықтар сен жарысқа шыққан кезде ерекше толғаныста болды. Сен олардың үміті мен сенімін толықтай ақтап, біздің атлеттеріміз әлемнің күшті спортшыларының қатарына енгенін тағы да дәлелдедің.

Сенің жеңісің еліміздің көптеген жас спортшылары үшін үлгі-өнегеге айналатынына және мыңдаған балалар мен жасөспірімдердің жеңіл атлетикамен шұғылдануына ықпал ететініне сенемін.

Саған алдағы уақытта да табыстар және жаңа спорттық биіктерді бағындыра беруіңді тілеймін, - делінген құттықтау жеделхатында.

     

 

 

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің