National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының Президенті Реджеп Ердоғанға Суруч қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

2015 жылғы 21 шілде

 

Жеделхатта Мемлекет басшысының қайғылы оқиға салдарынан ондаған жазықсыз жанның қаза тапқаны және жүзден астам адамның жарақаттанғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

Қазақстан Президенті терроризмнің бүгінгі таңда адамзатқа ортақ қауіп-қатерге айналып отырғанына да тоқталған. Нұрсұлтан Назарбаев террорлық әрекеттің ұйымдастырушылары мен орындаушылары анықталып, қатаң жазаға тартылатынына сенімді екенін жеткізген.

Жеделхат соңында Мемлекет басшысы бүкіл қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Түркия халқына көңіл айтып, жараланғандардың тез сауығып кетуіне тілектестік білдірген. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің