National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Виктор Христенкодан құттықтау хат келді

2012 жылғы 29 қараша

 

Құттықтау хатта ЭКСПО көрмесі - бүгінгі күннің негізгі жетістіктерін бір ортаға жинауға және адамзат дамуының үрдістерін он жыл бұрын жобалауға мүмкіндік беретін болашақтың жұмыс макеті іспетті екені атап өтіледі.

«ЭКСПО-2017 көрмесі - Қазақстан үшін елдің экономикасы мен гуманитарлық саласының дамуындағы елеулі табыстарының мойындалуы ғана емес, сонымен бірге, жаһандық техникалық диалогты дамытуға, әлемде өз позициясын нығайтуға үлес қосудың тамаша мүмкіндігі» делінген хатта.

Автор мәні зор халықаралық іс-шараның Астанада өткізілетіні Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үдерістерді дамыту көзқарасы тұрғысынан алып қарағанда маңызды кезеңге айналатынына сенім білдіреді.

В.Христенко Мемлекет басшысына және Қазақстан азаматтарына ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық жасауда және өткізуде табыстар тілейді.    


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің