National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні - мемлекеттік мерекеге байланысты құттықтау хаттар мен жеделхаттар

2013 жылғы 05 желтоқсан

 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына қазақстандық және шетелдік саяси және іскерлік топтардан, мемлекет және қоғам қайраткерлерінен, кәсіпорындардың ұжымдары мен қоғамдық ұйымдардан, жекелеген азаматтардан көптеген құттықтаулар келіп түсті.

Құттықтауларда Республикамыздың  өз әлеуетін жүзеге асырып, өркендеуші елге айналуына себепкер болған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің  халықаралық саясаттағы және біздің мемлекетіміздің қарқынды дамуындағы баға жетпес рөлі атап  көрсетілген.

***

Вук Еремич: Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 67-сессиясының президенті:

– Мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күніне байланысты шынайы құттықтауымды білдіремін.

 Екі онжылдық аралығындағы Сіздің көзқарасыңыз терең құрмет сезімін оятады, елді керемет түрлендірудің қозғаушы күні болып саналады, ол Қазақстан Республикасының дамуы мен тұрақтылығына елеулі үлес қосты. 

БҰҰ Бас Ассамблеясы 67-сессиясының президенті ретінде жұмыс істеген кезімде соңғы бірнеше жыл ішінде Сіз алға тартқан «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы, «Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубы» қауымдастығы, Астана экономикалық форумы, G-Global халықаралық жобасы, «АТОМ» ядролық қаруға қарсы жобасы, Әлемдік және дәстүрлі діндердің съезі сияқты халықаралық бастамаларыңызбен бір қатарда тұрған, аса маңызды бастамалардың бірі – Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференцияда негізгі сөз сөйлеуім мен үшін үлкен құрмет болды. Ол жобалардың бәрін халықаралық қоғамдасты ерекше ықыласпен қолдады.

***

Свен Алкалай, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы:

 – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, Жоғары мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан халқына бақытты, өскелең және бейбіт болашақ тілеймін!

Мен және БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясындағы әріптестерім біздің ұйым мен Қазақстан арасында қалыптасқан жемісті ынтымақтастықты тұтас өңірдің игілігі үшін дамытуға алдағы уақытта да бар күшін салады. Сіздің тиімді басшылық етуіңіздің арқасында Қазақстан Орталық Азия өңірі елдерін дамыту саласындағы өзінің маңызды мәртебесін сақтап, Еуропа мен Азия арасына көпір болуы жалғастыра беретініне шексіз сенемін.

***

Виллем Кок, Мадрид клубының президенті, Нидерланды премьер-министрі (1994-2002):

– Мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесін атап өтуіне байланысты өзімнің шынайы тілегімді білдіргім келеді.

Мадрид Клубы мүшелері мен хатшылығы атынан Сізге және Қазақстан халқына мәңгілік игілік пен бақ-береке тілеймін.

Сондай-ақ, осындай маңыз­ды күні Сіздің қонақжайлығыңыз бен елеулі қолдауыңыздың арқасында мен және менің әріптестерім жаһан­дық сын-қатерлерге қарсы күресу үшін құрылған, жыл­ сайын өткізілетін Астана эко­номикалық форумы мен басқа да маңызды халықаралық бастамаларға ұдайы қатысып келе жатқанымызды зор қанағаттанушылықпен және ризашылықпен  айтуға рұқсат етіңіз.

Мен біздің өзара тиімді және жемісті ынтымақтастығымыз одан әрі нығайып, тереңдей беретініне сенемін.

***

Роберт Ауманн, экономика саласы бойынша 2005 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты:

– Сізді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіз.

Сіздің ел басқаруыңыз Қазақстанды Кеңес Одағының аса мәлім емес бөлігінен  әлемдік аренада басты рөл ойнайтын ұлы ұлтқа айналдырды.

***

Джордж Ф. Смут ІІІ, физика бойынша 2006 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты:

–Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен Сізге және бүкіл Қазақстан халқына жүрекжарды құттықтауымды қабыл алыңыз.

Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан заманауи және демократиялық мемлекетке айналды. Бұл – сіздің орасан зор жетістігіңіз. Болашақта  біз әлі де мол табыс, ілгерілеу және халықаралық бірлікті көретінімізге сенімдіміз. Біз өзара ынтымақтастығымыз бен бірлескен жобаларымызды өте бағалаймыз.

***

Филипп Нобель, Нобель халықаралық бауырластығының төрағасы, Тогрул Багиров, Нобель мұрасы Баку қорының төрағасы, Густав Нобель, Нобель сенімі Трастының төрағасы:

–  Нобель халықаралық бауырластығы, Нобель мұрасы Баку қоры, Нобель сенімі Трасты атынан Сізге 1 желтоқсан – тарих үшін төтенше маңызды күні ең жақсы тілектерімізді білдіргіміз келеді.

«Еуразия экономикалық ға­лым­дар клубы» қауым­дас­ты­ғының қызметіне және жыл сайын Астана экономикалық форумы жұмысына қатысудың өзі үлкен сәттілік, сондықтан біз тек Сіздің еліңіздің халықаралық қауымдастықтың бөлігі бола отырып, қалай өркендеп келе жатқанына өз таңданысымызды жеткіземіз.

***

Марк Узан, Жаңартылған Бреттон-Вудс комитетінің атқарушы директоры:

– Соңғы үш жыл ішінде мен, Назарбаев мырза, Сізбен кездесуге мүмкіндік берілген Астана экономикалық форумына қа­ты­су құрметіне ие болдым. Мен Форум кезінде біздің арамыздағы идея алмасудан зор әсер алдым және осын­дай ауыр өтпелі кезеңде жа­һандық қаржылық архитектураны реформалау қажеттігі туралы көзқарасыңыз қатты әсер етті. Мен сондай-ақ  Сіздің бү­гін­гі күн мен болашақтың мәселелерін шешу үшін бүкіл әлем бойынша қа­тысушыларды тартудың керемет платформасы саналатын Сіздің дағдарысқа қарсы бастамаңызға (G-Global) да тәнті болдым.

Сондай-ақ Эстония ірі кәсіпкерлері қауымдастығының  басқарма мүшесі, Эстонияның  премьер-министрі (1992, 1995-1997)  Тийт Вяхи және психология және медицина бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Сэр Ричард Робертс  те құттықтаулары мен жылы тілектерін жолдады.

***

Мемлекет басшысына ізгі тілектері мен құттықтау хаттарын  Қазақстанның әртүрлі кәсіпорындарының жұмысшылары  да жолдады.

Олардың қатарында «Қазмырыш» компаниялар тобының мыңдаған ұжымы өз құттықтауында бүгінгі Қазақстан – тұрақтылық, қарқынды даму және жасампаздық секілді үш фактормен сипатталатынын атап өткен.

Оларға  Алматы локомотив пайдалану депосының ұжымы да қосылады.

Степногорскінің «Арыстан» құбыр зауытының жұмысшылары түбегейлі қайта жаңарулар мен жаңғыртулардың дәйекті саясаты, орнықты және үйлесімді экономиканы қамтамасыз ету жөніндегі ойластырылған жүйе бүкіл әлемде танымалдыққа ие болып отырғанына тоқталған. 

«Кәсіпорын ұжымы Қазақстанның заманауи өнеркәсіп өндірісін одан әрі дамытуға бағытталған жобаларға Сіздің Президент ретінде назар қойып және қолдау көрсетіп отырғаныңызды жоғары бағалайды», – делінген олардың хатында.

«KSP Steel» сауда үйі» ЖШС басшысы М.Әбиев өз хатында Мемлекет басшысы Қазақстан мен оның халқының игілігі жолында қажырлылықпен еңбек етіп жатқанын ерекше атап көрсеткен.

Ақмола облысындағы «Есіл-Агро» ЖШС бас директоры А.Исмағамбетов Мемлекет басшысының ұдайы көңіл бөліп отырғанының арқасында бүгінде агроөнеркәсіп саласы әлемдік талаптарға сай дамып келе жатқанын айтқан. Өз кезегінде Астанадан хат жолдаған «Biomarket.kz» ЖШС ұжымы республикада биоегіншаруашылығы мен биомалшаруашылығын дамыту үшін барлық күштерін салатынына сендірген. 

Сонымен қатар, Қазақстан кәсіподақтары федерациясының  ұжымы атынан оның төрағасы Ә. Құсайынов, Алматы қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтардың бірінің ұжымы атынан А. Шәкенов құттықтау жолдаған.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақ стратегиялық зерттеулер институты, Ғ.Сапарғалиев атындағы Мемлекет және құқық ғылыми-зерттеу институты ұжымдары атынан еліміздің ғылыми топтары Мемлекет басшысының жаңа, тәуелсіз Қазақстанды құрудағы, экономиканы және еліміздің халықаралық беделін нығайтудағы көпшілік мойындаған үлесін атап өткен.

Ізгі тілекке толы хаттар еліміздің білім беру мекемелерінен де келді.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессорлары мен студенттері, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ұжымы білім беру саласын мемлекеттік қолдаудың маңыздылығына тоқталған.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы жолдаған хатта Президенттің басшылығымен еліміз өркендеу мен жасампаздық жолын жүріп өткені баяндалған.

«Ол жеңіл болған жоқ, бірақ ол, егер еркін сайлауға және халықтың ерік-жігеріне сүйенетін болса, егер бабалардың рухани тәжірибесін ұмытпаса және инновациядан қаймықпаса, онда қандай жоғары нәтижелерге жетуге болатынын көрсетті», – деп жазады хат иелері.

М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясының мұғалімдері, сондай-ақ Алматы қаласының №116 «Бөбекжай» балабақшасының тәрбиешілері жолдаған хаттарында тәрбиеленушілерінің жетістіктері жөнінде айтқан. Сондай-ақ, хат иелері Мемлекет басшысына білім беру жүйесіне көңіл бөліп, оның қарқынды дамуына жағдай жасағаны үшін алғыстарын жеткізген. Педагогтар балалардың дамуы үшін пайдалы ресурсқа айналған «Балапан» балалар телеарнасын іске қосудың маңыздылығын айрықша атап өткен.

Өз хатында Қазақстан халқы ассамблеясының халықаралық медиа-форумына әлемнің 20 елінен келген қатысушылар Нұрсұлтан Назарбаевқа тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде тыныштық пен келісімнің сақталуын ілгерілетушілік қызметі үшін алғыстары мен құрметтерін білдірді. Олардың игі тілектеріне Ақмола облысының Қазақстан халқы ассамблеясының XVI сессиясына, «Жаңа Қазақстанды қалыптастыру жөніндегі ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бетбұрысты шешімі» өңірлік ғылыми-практикалық конференциясына қатысушылар, Оңтүстік Қазақстан облысының зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ Орал мен Ақтөбе архиепископы Антоний қосылып отыр.

«Жанашыр» халықаралық қайырымдылық қорының президенті Ж.Әпетова Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан тәуелсіздік жылдарында орасан нәтижеге жетті деп санайды.  

«Мәдениет, өнер мен ғылым тәрізді салалар мүлде жаңаша дамыды. Сонымен бірге, менің замандастарымның сана-сезімі, дүниетанымы және мінез-құлқы өзгеріп, жаңаша қалыптаса бастады», – делінген хатта. 

Семей қаласындағы «Көмек» мүгедектер қоғамдық бірлестігі өкілдерінің құттықтауында Мемлекет басшысының  еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру үшін жағдай жасаудағы  рөлін атап көрсетілген.

Мемлекет басшысының Теміртауда жұмыс істеген үзеңгілестері А.Жүнісов, К.Омашев, Е.Тілеубаев, В.Никонов, Ж.Арысов, А.Асанов, В.Колбаса, Н.Вахитова, Т.Искаков та жүрекжарды тілектерін жолдаған. Олар өздеріне еңбексүйгіштіктің үлгісін көрсеткен Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болғаны үшін бойларын мақтаныш сезімі кернейтінін жазады.

Өз кезегінде Қарағандыдан еңбек ардагерлері С.Досмағамбетов пен З.Молдахметов Тәуелсіздік қарсаңындағы сайлауалды кезеңде Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен кездерін еске алады.

«Халық қатты алаңдады, әрі қарай не болады, қалай өмір сүреміз, республика тағдыры не болмақ? Осы кездесуде Сіз барлық сауалға толық жауап бердіңіз және бұдан әрі біз әлемдік өркениет жолымен алға жылжитынымызды,  Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде толық дами алатынын және өркендейтінін айттыңыз», – деп жазады еңбек ардагерлері.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Т.Нұрахунов, ақын әрі әнші И.Тасқара, Шымкенттен зейнеткер, тыл еңбеккері Б.Ботайұлы, Солтүстік Қазақстан облысының Талшық ауылының тұрғыны И.Ильясов, Ақмола облысынан Т.Барышникова, Алматыдан И.Хасенұлы, Қарағанды облысы Балқаш қаласының №7 мектеп-гимназиясының оқушылары өз құттықтауларын өлең жолдары арқылы білдірген. З.Көшімбаева өз хатында немересі Н.Көшімбаеваның өлеңін қоса салған, онда Тұңғыш Президенттің тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыру мен дамытудағы рөлі туралы баяндалған.

Алматыдан Қазақстан халық әртісі, композитор Б.Жұманиязов, Марат пен Нағима Назарбаевтар, К.Бөлегенова, А.Айханова, А.Әкімұлы, Петропавлдан К.Әубәкірова, Талдықорғаннан Б.Төреханова, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласынан Х.Қалиева, Астанадан А.Ғабдуллина, Садуақас, Т.Сапарова, Айжан мен Әлия Айтхожиналар, Шымкенттен И.Оразбай, О.Көмекбаева, зейнеткер Б.Шүкірбекова, Оралдан Т.Құбашева, Б.Меңдіғалиқызы, Ақмола облысынан еңбек сіңірген қызметкер, зейнеткер Г.Нүркенова, К.Әбуова. т.б. жолдаған хаттарда Мемлекет басшысына зор денсаулық, сондай-ақ жауапты қызметіне мол табыс тілеген игі тілектер білдірілген.

Алматыдан жолдаған өз хатында Г.Светлова мен Л.Шабалина қазақстандықтарға көрсетілген қамқорлық үшін Мемлекет басшысына зор алғыстарын білдірген. Мұндай көңіл бөлудің бір мысалы ретінде олар Қазақстан мен Ресей арасында қол қойылған XXI ғасырдағы тату көршілестік пен одақтастық туралы тарихи шартты атаған.

Құттықтаулар жолдаған қазақстандықтар арасында Астана тұрғыны, 1-сыныпты инженер-ұшқыш Н.Ахмуханов та бар. Ол хатында «Балалық шағымның аспаны» фильмін тамашалаудан алған өз әсерін бөліскен.

«Ең алдымен, туған ауылына,  әке шаңырағына деген ерекше сүйіспеншілік, ұшқан ұя мектебіне, балалық шақтағы достарына деген адалдық шынайы танытылғандықтан, фильм тамаша болды. Ең бастысы, бұл фильм әрбір қазақстандықтың, әрбір отбасының және әсіресе жастардың жүрегінен өз орнын тапты», – деп жазады Н.Ахмуханов.  

Құттықтау хаттары мен жеделхаттар орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларынан, Парламент депутаттарынан да келді.  

Келіп түскен құттықтаулармен танысып шыққан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев хаттар мен жеделхаттар жолдаған барлық авторларға құттықтаулары мен игі тілектері үшін алғысын білдірді.     


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің