National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай келіп түскен хаттар мен құттықтаулар

2016 жылғы 29 желтоқсан

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шет елдердің мемлекет басшыларынан, өкілді органдардың депутаттарынан, шетелдік және қазақстандық мемлекеттік, қоғамдық және іскер ұйымдар жетекшілерінен, түрлі партиялардың басшылары мен мүшелерінен, зиялы қауым өкілдерінен, еліміздің шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларынан, сондай-ақ Қазақстанның, алыс-жақын шетел азаматтарынан көптеген хаттар келіп түсті.

Құттықтауларда республикамыздың егемендік жылдарында қарқынды дамығаны, халықаралық аренадағы беделінің нығайғаны және халықтың әл-ауқатының артқаны, еліміздің айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық табыстарға жету жолындағы Қазақстан Президентінің көрнекті рөлі атап өтілген.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Жапония императоры Акихито, Бельгия Королі Филипп, Нидерланд Королі Виллем-Александр, Таиланд Королі М.Вачиралонгкон, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Ресей Федерациясының Президенті В.Путин, Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко, Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиёев, Түрікменстан Республикасының Президенті Г.Бердімұхамедов, Француз Республикасының Президенті Ф.Олланд, Германия Федеративтік Республикасының Президенті Й.Гаук, Италия Республикасының Президенті С.Маттарелла, Чех Республикасының Президенті М.Земан, Словакия Республикасының Президенті А.Киска, Болгария Республикасының Президенті Р.Плевнелиев, Румыния Президенті К.Иоханнис, Финляндия Республикасының Президенті С.Нийнисте, Пәкістан Ислам Республикасының Президенті М.Хусейн, Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті М.Ғани, Моңғолия Президенті Ц.Элбэгдорж, Үндістан Республикасының Президенті П.Мукерджи, Сингапур Республикасының Президенті Тони Тан Кенг Ям, Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хе, Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Ч.Куанг, Австралия генерал-губернаторы П.Косгроув құттықтау жолдаған болатын.

Сондай-ақ, Қазақстан Президентінің атына Ұлыбритания Патшайымы ІІ Елизаветадан, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудтан, Испания Королі VI Филипптен, Марокко Королі VI Мұхаммедтен, Иордания Королі ІІ Абдалладан, Швеция Королі Карл Густавтан, Оман Сұлтаны Кабус бен Саидтан, Сан-Марино Республикасының Регент-капитаны М.Риккардидан, Америка Құрама Штаттарының Президенті Б.Обамадан, Украина Президенті П.Порошенкодан, Қырғыз Республикасының Президенті А.Атамбаевтан, Әзербайжан Республикасының Президенті И.Әлиевтен, Армения Республикасының Президенті С.Саргсяннан, Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмоннан, Иран Ислам Республикасының Президенті Х.Руханидан, Түрік Республикасының Президенті Р.Ердоғаннан, Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаяннан, Израиль мемлекетінің Президенті Р.Ривлиннен, Польша Республикасының Президенті А.Дудадан, Сербия Республикасының Президенті Т.Николичтен, Швейцария Конфедерациясының Президенті Й.Шнайдер-Амманнан, Алжир Халық-Демократиялық Республикасының Президенті А.Бутефликиден, Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиден, Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасының Президенті М.Тешомеден, Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Д.Зумадан, Канаданың генерал-губернаторы Д.Джонстоннан құттықтаулар келіп түсті.

Сонымен бірге, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, Малайзияның бұрынғы королі Янг-Ди-Пертуан Агонг, Молдованың бұрынғы президенті Н.Тимофти, Украинаның бұрынғы президенті Л.Кучма, Испания үкіметінің бұрынғы төрағасы Х.Сапатеро, Австрия Республикасы Ұлттық Кеңесінің Төрағасы Д.Бурес, Израиль мемлекетінің Премьер-министрі Б.Нетаньяху, Таиландтың Премьер-министрі П.Чан-Оча, Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагері, Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары, Ішкі істер министрі Мұхаммед бен Наиф, Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагерінің орынбасары, Министрлер кеңесі төрағасының екінші орынбасары, Қорғаныс министрі Мұхаммед бен Салман, Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті – Премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштері Жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян, Испания Сенатының Конституциялық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Хуан Хосе Лукас Хименес, АҚШ Конгресі өкілдер палатасының мүшелері Д.Рорабакер, Д.Фортенберри, Канада қауымдар палатасының депутаты Р.Нолт, Канада Парламентінің сенаторы Д.Дей, Испанияның бұрынғы сыртқы істер және ынтымақтастық министрі Мигель Анхель Моратинос, ШЫҰ Бас хатшысы Р.Алимов, ҰҚШҰ Бас хатшысы Н.Бордюжа, ТМД ПАА Кеңесінің Бас хатшысы А.Сергеев, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Р.Хасанов, Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы Д.Қасейінов, ТМД ПАА Кеңесі Бас хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Парламентінің ТМД ПАА мен ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясындағы өкілі Х.Бәкенов, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Т.Саркисян, ТМД Атқару комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшы С.Лебедев, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры М.Меллер, БҰҰ Бас хатшысының арнаулы өкілі – БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Превентивті дипломатиясының Аймақтық орталығының басшысы П.Драганов, Молдова Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Молдова Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы Д.Брагиш және басқалар Тұңғыш Президент күнімен және Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Қазақстан халқына бақ-береке мен игіліктер тіледі.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысын Рим Папасы Франциск, Мәскеу және Бүкіл Русь патриархы Кирилл, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Е.Малғажыұлы, Қазақстан Православие шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр, Қасиетті Мария Рим-Католик Архиепархиясының Астанадағы архиепископы Т.Пэта, Қазақстанның бас раввині Е.Коген, Евангелин-Лютеран шіркеуінің епископы Ю.Новгородов, Орал және Ақтөбе архиепископы Антоний құттықтады.

Құттықтау хаттардың басым көпшілігі Ресей Федерациясынан келіп түсті. Татарстан Республикасының басшысы Р.Минниханов, Ингушетия Республикасының басшысы Ю.Евкуров, Астрахань облысының губернаторы А.Жилкин, Пенза облысының губернаторы И.Белозерцев, Мемлекетаралық әуе қатынасы комитетінің төрайымы Т.Анодина, Ресей Федерациясының халықаралық инженерлік академиясының президенті Б.Гусев, Бірлескен ядролық зерттеулер институтының директоры В.Матвеев, «РуссНефть» ұлттық компаниясы жария акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы М.Гуцериев, «МИР» мемлекетаралық телерадиокомпаниясының төрағасы Р.Батыршин, жас жазушылар В.Казимирский, Р.Нишанов және басқалар өз құттықтауларын жолдады.

Швейцариядан өз құттықтауын Б.Паколли де жолдады.

Бұдан бөлек, еліміздің ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлері өздерінің құттықтау тілектерін жолдаған. Олардың қатарында суретші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Т.Әбуов, профессор А.Ағыбаев, академик Н.Айтхожина, Қазақстан Республикасының халық әртісі М.Ахмадиев, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты К.Ахметова, КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Әшімов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Р.Балабиев, академиктер Ә.Бейсенова мен С.Қирабаев, жазушы, қоғам қайраткері А.Бекбосын, профессор А.Ғазалиев, ақын Ж.Дәрібаева, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері С.Досанов, профессор Ұ.Есназарова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Б.Жұмағұлов, Ұлттық ғылым академиясының президенті М.Жұрынов, опера әншісі М.Мудряк, Қазақстанның халық әртісі А.Мұсақожаева, профессор А.Мұхаммедов, композитор Е.Хасанғалиев, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстандағы филиалының директоры А.Сидорович, Ұлттық академиялық кітапхананың басшысы Ү.Мұңалбаева, Назарбаев Университеттің президенті Ш.Катсу, сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы және басқалар бар.

* * *

Шетелдік және отандық өндіріс ұжымдарынан көптеген құттықтау хаттары мен жеделхаттар келіп түсті. Атап айтқанда, «Эксон Мобил» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас басқарушысы Р.Тиллерсон, «Mabetex Group» президенті А.Паколли, Еуразия Тобының басшылары А.Машкевич, П.Шодиев және А.Ибрагимов, «Шеврон» корпорациясының Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Т.Миллер, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ президенті Ә.Мамытова, «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Т.Этчисон мен оның орынбасары Ә.Жәкиев, «Shapoorji Pallonji Kazakhstan» ЖШС жетекшісі Р.Будхар, «Степногор тау-кен химиясы комбинаты» ЖШС ұжымы атынан бас директоры И.Татаров, «Қазфосфат» ЖШС ұжымы құттықтау жолдады.

«Эни» компаниясының бас атқарушы директоры К.Дескальци Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен республикада орнықты экономикалық өсім және жан басына шаққандағы табыстың ұлғайып келе жатқаны байқалып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, К.Дескальци мұнай мен газ нарығында Қазақстан негізгі өндіруші елдердің біріне айналғанына тоқталды.

«Kazzinc Holdings» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Н.Попович компаниялар тобының мыңдаған адамнан тұратын ұжымы атынан жолдаған хатында жасампаздық, қарқынды даму және жаңа белестерге ұмтылыс бүгінгі біздің республиканың ажырамас қасиеттері екенін айтқан.

«Рухани-адамгершілік құндылықтар экономиканың дамуымен бірге оның толыққанды ілгерілеуіне және өркендеуіне септігін тигізген мемлекет ретінде бүгінгі таңда Қазақстан әлемнің көптеген елдері үшін үлгі болып отырғаны бізді қуантады», – делінген хабарламада.

Бұған қоса, құттықтаулар Бұрынғы фашизм тұтқындарының Қазақстан қауымдастығының мүшелері мен Кәмелеттік жасқа толмаған бұрынғы фашизм тұтқындарының Алматы қалалық ұйымы атынан хат жолдаған В.Артемьевтен, Қазақстан Қызыл Жарты Ай қоғамының президенті Е.Арғымбаевтан, «Украинская летопись» газетінің ұжымы атынан бас редактор Н.Новицкийден, «Altyn tau company» ЖШС директоры Д.Әбдірашқызынан, «Source Invest Company» ЖШС атынан О.Ботбайдан, «Мәдина» ЖШС төрайымы Ж.Жөкесқызынан, «Ұлттық медицина ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті А.Садықовадан, «Алтын Қыран» ЖШС өкілі И.Салжановтан, Арыс темір жол стансасы қызметкерлерінен, «Қазына Жер ЛТД» ЖШС ұжымынан, «Елбасы курстастары» қоғамдық қорынан, Оңтүстік Қазақстан облыстық «Семей-Сынақ» қоғамдық бірлестігі ардагерлерінен, Қазақстан жастары форум-фестиваліне қатысушылардан, Маңғыстау облысы жастар кәсіподағынан, Ауғанстан соғысының «Қазақстан ардагерлері» ардагерлер ұйымы қауымдастығы төрағасының орынбасары, Кеңес Одағының Батыры Н.Кремеништен, Түркістан қаласы өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі Ш.Мадалиевтен, Қызылорда облысының, Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам, Созақ, Төлеби, Түлкібас аудандарының, Түркістан қаласы жұртшылығының өкілдерінен, Шардара ауданы ардагер-мұғалімдері тобынан және тағы басқалардан келіп түсті.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Стамбул қаласында ұйымдастырған салтанатты жиын аясында қазақтардың кіші құрылтайына қатысушылар Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздік жылдарында бәсекеге қабілетті, беделді мемлекет құрғанын ерекше атап өтті.

Өзбек-қазақ ұлттық мәдени орталығының өкілдері республиканың қарқынды дамуы Елбасының жасампаз еңбегімен тікелей байланысты екенін айтады.

«Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелері де өз құттықтауларын жолдады. Олар Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған Қазақстан халқы Ассамблеясы тәуелсіздікті нығайтушы мемлекет құрудың тиімді тетігіне айналғанын атап өтті.

«Біз славян және басқа да этностардың арасында қазақстандық патриотизм, туған жерге деген сүйіспеншілік, қазақ тілін белсенді және табанды түрде үйрену үрдісін, экстремизммен, сепаратизммен, ұлттық және діни асыра сілтеушілікпен күрес сезімін қалыптастыратын боламыз», – деп жазған бірлестік төрағасы В.Божко.

Сондай-ақ, мерекелік құттықтаулар Қазақстан Кәсіподақтары федерациясының төрағасы Ә.Құсайыновтан, Социалистік Еңбек Ері К.Дөненбаевадан, С.Жұмабековадан, мемлекет қайраткерлері О.Әбдікәрімов пен Ұ.Қарабалиннен, Қостанай облысының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО-ның құрметті жолшысы И.Карапыштан, Астана қаласының тұрғындары Д.Дүйсенбаев, А.Исақов, Ә.Жолшыбеков, Ж.Рахметов, Т.Сапаров және Рогалевтар отбасынан, Алматы қаласының тұрғындары З.Арғынбаева, З.Жандосова, Л.Полякова, Е.Тегісбаевтан, Айтхожиндер, Люлиндер отбасыларынан, Алматы облысының тұрғындары – Р.Байғонысова, Н.Диханбаев, С.Оразаев, Үсеновтер отбасынан, Ақтөбе облысының тұрғындары Б.Самаев, С.Сүтемгенұлынан, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары – Н.Қасенқызы, А.Эккарт және Жүнісовтер отбасынан, Германиядан Ө.Алтыннан, Жамбыл облысының тұрғындары Ж.Ахметов, А.Саттаров және Т.Таңаттан, «Назерке» балалар үйінің тәрбиешісі Ш.Қалбаевадан және «Ботақан» нәрестелер тобы тәрбиеленушілерінен, сондай-ақ Жаңаөзен қаласындағы №10 орта мектеп мұғалімі Ш.Мақышқызынан, Батыс Қазақстан облысында тұратын М.Әлібековадан, Қарағанды облысының тұрғындары М.Қуандықова, Б.Түсіпбеков, А.Усумбекова және А.Шалабаевадан, Қостанай қаласының тұрғындары – П.Сүйінкина мен Сүндетбаевтар отбасынан, Қызылорда қаласынан Б.Үрмахановтан, Лисаков қаласының тұрғыны Ш.Исмұхамбетұлынан, Маңғыстау облысының тұрғыны Б.Рамазановадан, Павлодар облысының тұрғындары Д.Ақатаев пен Е.Тогтохтан, Тараз қаласының тұрғындары Е.Әміре, Б.Қасенова, Ш.Пулатова, С.Рысбаева және Н.Сатыбалдиевадан, Орал қаласының тұрғыны Т.Құбашевтан, Шымкент қаласының тұрғындары М.Мәмбетов пен М.Санаевадан, Екібастұз қаласының тұрғыны М.Өтеубаевтан, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары М.Бекей, Б.Ералиев, С.Жүсіпбек, С.Мырзабаев, К.Шалатаев пен А.Шаймановтан, С.Елубаев, А.Исенғазиев және тағы басқалардан келді.

Н.Әмзеев өз хатында республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай елордада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің сағатты мұнарасын тұрғызуды ұсынады.

«Ағылшындарда Биг-Бен – Вестминстер сарайының сағатты мұнарасы, ресейліктерде Мәскеу Кремлінің Спасск мұнарасында сағат бар. Біздің де өзіміздің сағатымыз болар еді. Осылайша жер бетінде тағы бір бүкіләлемдік сағатты мұнара бой түзер еді», – дейді хат иесі.

Қазақстан Президентін ұлттық мерекемізбен Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам, Созақ, Түлкібас аудандарының жастары және Тәуелсіздігіміздің төл құрдастары – Павлодар құтқару гарнизонының 25 қызметкері құттықтады.

Мемлекет басшысы атына құттықтау хаттарын Шалқар қаласындағы №4 орта мектеп оқушылары, Шардара қаласының №16 колледжінің «Жас қанат» жастар тобының өкілдері, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенттері, сондай-ақ басқа да жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен студенттері – Алматы қаласынан А.Қартжанова, Алматы облысынан А.Ахметқали, Р.Кеулімхош, Ақтөбе қаласынан Д.Есембаева, А.Қабидолла, Жамбыл облысынан А.Әбиболла, Павлодар облысынан А.Тоқтамысұлы мен Т.Солтанғазы, Тараз қаласынан С.Ерходжа, Шымкент қаласынан С.Быкова және тағы басқалар жолдады.

Сондай-ақ, өлең жолдарымен өрнектелген құттықтаулар И.Абуздиннен, К.Әбуовадан, К.Алмағамбетқызынан, К.Әубәкіровадан, Ж.Бақтиярқызынан, А.Беріктен, А.Булавинадан, К.Даировадан, М.Жұмабековтен, А.Дүйсенбековадан, Г.Есембаевадан, Г.Жетаевадан, Н.Керімқұловтан, Б.Қыдырбектен, В.Правдиннен, З.Садақбаевадан, Н.Салимовтен, Ш.Тілеубаевтан, Н.Хоменкодан, К.Құдабаевадан, Н.Ширидзяновадан, Өзбекстаннан М.Омарұлынан және тағы басқалардан келіп түсті.

Мемлекет басшысы өз атына келіп түскен барлық хаттармен мұқият танысып шықты және барша хат иелеріне жылы лебіздері мен құттықтаулары үшін алғыс білдірді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің