National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті Рахат-Би Әбдісағынның хаты

2015 жылғы 29 қаңтар

 

Автор өз хатында классикалық музыкамен кәсіби тұрғыда айналысатынын және осы 16 жасына дейін бірқатар шығармалардың авторлық құқығына ие болғанын айтады.

Р.Әбдісағын Отанына деген махаббатын фортепиано мен симфониялық оркестрге арналған «Қазақ рапсодиясы» атты музыкалық туындысы арқылы жеткізген.

«Онда менің заманауи Қазақстанды қалай қабылдайтыным, оның қарқынды дамуын сезінуім көрініс тапқан. Мен өз сезімдерімді әркімге түсінікті дыбыстық музыкалық белгілер арқылы беруге тырыстым», – деп жазады консерватория студенті.

Автор қазіргі уақытта әлемнің түрлі халықтары дәстүрлерінің белсенді түрде кірігу үрдісі байқалып отырғанына тоқталады.

«Әлемдік мәдениетте өзгелердің арасында біздің еліміздің, біздің халқымыздың мәдениетінің ең жақсы қырлары айқын көрінгені өте маңызды!», – делінген хатта.

Сондай-ақ елдің тағдыры оның көшбасшысының тағдырымен тікелей байланысты екені де айтылған.

«Біздің әрқайсымыз, Қазақстан азаматтары, Мемлекет басшысы жариялаған бағдарламаны дамыта отырып, өзіміз белсене араласатын салада қомақты үлес қосуға тиіспіз», – деп жазады хат иесі.

Соңында Р.Әбдісағын Мемлекет басшысы жариялаған «Қазақстан – 2050» Стратегиясы елдің барша азаматтарының атсалысуымен табысты жүзеге асырылатынына сенім білдірген. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің