National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы атына оның туған күніне және Астана күніне байланысты келіп түскен құттықтаулар

2015 жылғы 08 шілде

 

Қазақстан Президентінің атына мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, бизнес құрылымдардың қазіргі және бұрынғы басшылары мен өкілдерінен, сондай-ақ мәдениет және білім беру саласының көрнекті қайраткерлерінен хаттар мен жеделхаттар әлі де келіп түсіп жатыр.

Атап айтқанда, ТМД экономикалық сотының төрағасы Л.Каменкова Нұрсұлтан Назарбаев көреген әрі дана саясаткер бола отырып, Қазақстан халқының нағыз көшбасшысы ретінде даусыз беделге ие болғанына тоқталған.

«Көбінесе Сіздің дана әрі сындарлы саясатыңыздың арқасында Қазақстан Республикасы мемлекет құру, әлеуметтік-экономикалық даму және халықаралық аренада ел беделін нығайту ісінде елеулі табыстарға жетті», – делінген жеделхатта.

Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда жөніндегі министрі А.Слепнев Қазақстан Президенті лауазымындағы жемісті қызметі арқылы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз отандастары арасында жоғары бедел мен сенімге ие болғанын айтқан.

«Ресей мен Қазақстанның достық қарым-қатынастарын нығайтуға, Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысына байланысты ауқымды міндеттерді атқаруға Сіздің қосқан үлесіңіз баршаға белгілі. Бай өмірлік тәжірибеңіз бен бастамашылдығыңыз алдағы уақытта да өзара ықпалдастықты арттыруға септігін тигізе береді деп сенемін», – делінген құттықтауда.

Мемлекеттік Думаның ТМД істері және отандастармен байланыс жөніндегі комитетінің төрағасы Л.Слуцкий Қазақстан Президентінің саяси жігері мен ұйымдастырушылық тәжірибесі арқасында ғана республика әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуда қарышты қадам жасағанын атап өткен.

«Сіз ең белгілі әлемдік лидерлер алдында лайықты беделге иесіз. Халықаралық қоғамдастық Сіздің пікіріңізге ықыласпен құлақ түреді. Еуразиялық экономикалық одақты құрудағы Сіздің рөліңізді бағаламау мүмкін емес. Ресейде Сізді біздің елдің нағыз сенімді досы ретінде құрмет тұтып, жақсы көреді», – делінген хатта.

Ресей Федерациясы Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі М.Швыдкой Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметі арқасында Қазақстан тек өңірде емес, әлемде зор құрметке ие екенін айтады.

«Екіжақты форматтағы және халықаралық форумдар аясындағы ынтымақтастықты белсенді түрде дамыта отырып, Қазақстан Сіздің жіті басшылығыңызбен өзін Ресейдің сенімді серіктесі ретінде айқын танытты. Елдеріміздің өзара ықпалдастықтың барлық саласындағы бірлескен бастамалары  оларды дамудың жаңа көкжиегіне алып шығады», – делінген хатта.

Ресей Федерациясы Федеральды Жиналысының Федерация кеңесі мүшесі Н.Рыжков Нұрсұлтан Назарбаевтың достастық елдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту жолында интеграция үдерістерін дамытуға қосқан үлесін атап өткен.

«Сіздің талмайтын шығармашылық еңбегіңіз, терең де жан-жақты біліміңіз, орасан қуатыңыз, басшылық және ұйымдастырушылық дарыныңыз тек Қазақстанда ғана емес, оның сыртында да құрметке лайықты», – делінген жеделхата.

РФ Федеральды Жиналысы Мемлекеттік Думасының депутаты В.Агаев Қазақстан Президентіне риясыз көңілден жақсылық, бейбітшілік және бақ-береке тілеген.

«Шешенстан тарихының ең бір ауыр кезінде қазақ халқы бізге достық қолын созды. Сол бауырластық қолдауды Қазақстанда туған адам ретінде мен өзім тікелей сезіндім. Біз жүрегімізге жылы тиетін осы ізгі қарым-қатынасты қазір де сезінеміз», – делінген құттықтауда.

Украинаның  бұрынғы Президенті Л.Кучма Украинада Нұрсұлтан Назарбаевты өз ісіне адал тәжірибелі және жігерлі саясаткер ретінде білетініне назар аударған.

«Ынтымақтастықтың Украина мен Қазақстан жинақтаған оң және көпжоспарлы әлеуеті алда да елдеріміз бен халықтарымыз арасындағы достықтың, сенімнің және тату көршілестіктің нығаюына септігін тигізеді деп үміттенемін», – деп жазады автор.

Ингушетия Республикасының Тұңғыш Президенті, Кеңес Одағының Батыры Р.Аушев Мемлекет басшысының өмірі өз халқының мүддесіне адал және жанқиярлықпен қызмет етудің жарқын үлгісі екенін айтқан.

«Сіз бүгінде өз халқыңыздың нағыз жалпыұлттық көшбасшысысыз. Сіздің есіміңіз тек Қазақстанда ғана емес, оның сыртында да кеңінен танымал. Сіздің табысыңыздың құпиясы өткен жылдары көпұлтты Қазақстан өмірінің барлық саласында Сіздің тікелей басшылығыңызбен болған түбірлі өзгерістерде жатыр», – деп жазады автор.

Ресей Федерациясының Мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Ресей мүфтийлер кеңесінің төрағасы Р.Гайнутдин бүгінде Қазақстан көпконфессиялы және көпэтносты қоғамның мысалы бола отырып, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше көптеген мемлекеттер үшін үлгі екенін, онда экономикалық және саяси дамудың стратегиялық міндеттері азаматтық келісімді, тегі мен діні әртүрлі адамдар арасындағы жарасымды қарым-қатынасты нығайтудың игі мақсаттарымен ажырағысыз байланысты екенін атап өткен.

Украинаның Днепродзержинск қаласының мэрі С.Сафронов мемлекеттік қызметтегі саяси даналығы, мол білімі мен бай тәжірибесі арқылы Қазақстан Президенті өз отаны мен шет елдерде лайықты беделге ие болғанын атап өткен.

«Елдеріміз арасындағы достықты нығайтуға қосқан Сіздің үлесіңізді бағаламау мүмкін емес, бізді тек мақсат пен ұмтылыстардың ортақтығы ғана емес, Сіздің жастық шағыңыздың қаласы Днепродзержинскпен араңызда қалыптасқан ерекше жылы сезімдер де біріктіреді», – делінген құттықтауда.

Поляршылар қауымдастығының президенті, Кеңес |Одағының Батыры А.Чилингаров Нұрсұлтан Назарбаевпен ұзақ жылғы достығын мақтаныш ететінін жеткізген.

«Сіздің бойыңызда өзіңізді Ұлт көшбасшысы дәрежесіне жеткізген соншалықты сирек кездесетін қасиеттер бар. Адам ретіндегі, саясаткер ретіндегі Сіздің беделіңіз жыл өткен сайын тек қана арта түсуде, нығаюда», – делінген жеделхатта.

«Интерфакс» ақпарат агентсттігінің бас директоры М.Комиссар Қазақстан Президентінің бай тәжірибесі мен шығармашылық әлеуеті алда да ел мүддесіне қызмет ететініне сенім білдірген.

«Сіздің қажырлы және ауыр еңбегіңіздің арқасында Қазақстан, оның саяси институттары мен экономикасы, ұлы Отаныңыздың әлемдік қоғамдастықта лайықты орын алуын қамтамасыз ететін саласының барлығы қарқынды және тұрақты түрде дамып келеді», – делінген құттықтауда.

Ресей Федерациясы НИЦ «Курчатов институты» ҒЗО Президенті Е.Велихов Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек жолы бауырлас елдеріміз бен халқымыз үшін өзекті мемлекеттік ғылыми және техникалық міндеттерді шешудегі тиімді өзара іс-қимылға және мәнді жеке қарым-қатынасқа толы екенін атап өткен. Ол Мемлекет басшысына денсаулық және Қазақстан Республикасының орнықты дамуы, елдеріміз бен халықтарымыз арасындағы ынтымақтастық пен өзара ықпалдастықты нығайту бағытындағы ерен ісіне табыс тілеген.

Ресей Көркемөнер Академиясының президенті З.Церетели Нұрсұлтан Назарбаевтың мінсіз беделі, жоғары кәсіпқойлығы, мол тәжірибесі оған тек ауқымды мемлекеттік міндеттерді ғана табысты жүзеге асыруға емес, но и вносить вклад в решение сложнейших проблем XXI ғасырдың күрделі мәселелерін шешу ісіне үлес қосуға да мүмкіндік беретінін айтады.

Өз хаттарында Мәскеу ардагерлері кеңесінің өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Еуразия құрлығындағы жедел дамып келе жатқан мемлекетке, әлемдік қоғамдастықтың беделді мүшесіне айналғанына назар аударған.

«Сіздің мемлекет құру ісіндегі, саяси және ұйымдастырушылық қызметтегі бай тәжірибеңіз және Қазақстан Республикасы үшін жасағаныңыздың бәрі тарихтың игілігіне айналатынына сенімдіміз», –  делінген құттықтауда.

Мемлекет басшысына КСРО-ның бұрынғы трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын құрастыру министрі, Социалистік Еңбек Ері А.Ежевский Қазақстан халқының өсіп-өркендеуі мен игілігі жолындағы көп жылғы қызметі үшін алғыс айтқан.

«Сіздің қайнаған күш-қуатыңыз бен ұйымдастырушылық дарыныңыз Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуіне, әлем халықтары достығына әлі де ұзақ уақыт қызмет ете беретініне сенімдіміз», – деп жазады автор.

Ресейлік басқарушы және кәсіпкер А.Усманов Қазақстан халқы ел болашағын Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстыратынына назар аударған.

«Халықаралық аренадағы Қазақстанның жоғары беделі, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешудегі сындарлы рөлі – Сіздің көп жылғы дана басшылығыңыздың нәтижесі. Экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық салалардағы елеулі жетістіктері Қазақстанды Орталық Азия өңірінің лидерінің біріне айналдырды», – деп жазады автор.

Сондай-ақ  Нұрсұлтан Назарбаевқа жылы лебіздерін РФ Курск облысы губернаторы А.Михайлова, Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының міндетін атқарушы А.Петренко, бывшего министра финансов РФ А.Кудрина, РФ Федеральды Жиналысы Мемлекеттік Думасының депутаты, генерал-полковник Б.Громов, РФ Федерация кеңесінің мүшесі Э.Россель, РФ Федеральды Жиналысы Мемлекеттік Думасының депутаты В.Ресин, «МИР» МТРК төрағасы Р.Батыршин, Башқұртстан Республикасы Мемлекеттік Құрылтайының депутаты М.Васильев, «Газпром нефть» ААҚ бас директоры А.Дюков, «Ұрпақтардың алтын жылнамасы» қорының төрағасы С.Невский жолдады. 

***

«ҚР Диабеттік Ағарту қоры» қоғамдық қорының ұжымы Мемлекет басшысының басшылығымен Қазақстанның кез келген дағдарысқа төтеп бере алатынына, «Қазақстан – 2050» стратегиясын ойдағыдай жүзеге асырып, жан-жақты жаңғыртуға және ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қол жеткізетініне сенім білдірген.

Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың президент Е.Қонаев Мемлекет басшысының басшылығымен Қазақстан даму жолымен ілгерілеп келе жатқанын айтады. Сондай-ақ дана қайраткер ретінде халықаралық деңгейде маңызды бастамалар көтеріп келе жатқан және өз халқын жан-жүрегімен жақсы көретін Нұрсұлтан Назарбаевты қазақстандықтардың мақтан тұтатынын атап өткен.

Бұрынғы Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Ұлы Отан соғысының ардагері С.Жиенбаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, мықты денсаулық, ұзақ өмір, зор табыс тілеген.

«Канададағы «ЭКСПО-67» және Жапониядағы «ЭКСПО-70» көрмелеріне қатысқан адам ретінде Қазақстанның беделін бұдан да арттыра түсетін «ЭКСПО-2015» көрмесіне дайындық пен оны өткізу ісіне табыс тілеймін», – деп жазады автор.

«Консолидейтед Контракторс Компани» компаниясының  инжиниринг және құрылыс жөніндегі президенті С.Хури өздерінің Астанадағы маңызды нысандар құрылысына қатысып келе жатқанын айтады.

«Жұмыс кезінде біз жұмыс орындары қалай пайда болғанын, жаңа өндірістердің қалай ашылғанын, сыртқы сауда-экономикалық байланыстар қалай өрістеп жатқанын іс жүзінде көріп отырмыз, соның барлығы Сіздің бастамаңыз бен стратегиялық тұрғыдан болжай білетіндігіңіздің арқасы», – делінген жеделхатта.

Қазақстан-Америка еркін университетінің президенті Е.Мәмбетқазиев елде ашылған зияткерлік мектептері, жаңа үлгідегі жоғары оқу орындары ел алдында тұрған барлық міндеттерді орындай алатын мамандар даярлау ісін қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызғанына тоқталған.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы атына өз құттықтауларын Халықаралық «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының,Ақмола облысы «Ижевский» өндірістік кооперативі ұжымының  көпұлтты мүшелері, жазушы С.Елубай, Қостанай қаласынан Социалистік Еңбек Ері К.Дөненбаева, Жамбыл облысы Қордай ауданының тұрғыны Е.Нәби, Теміртау қаласынан М.Кәрібаева, Талдықорған қаласының тұрғындары – Мякотиндер отбасы, Арыстановтар отбасы, Б.Қабашева, С.Нұрғалиев жолдады.

Мемлекет басшысы атына құттықтау хаттары мен жеделхаттары әлі де келіп түсуде.  

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің