National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Джейкоб Зумаға Оңтүстік Африка Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

2014 жылғы 02 маусым

 

Д.Зума басқаратын партияның сайлаудағы жеңісі заңдылық екенін атап өткен Қазақстан Президенті таяу уақыттарда ОАР әлеуметтік-экономикалық даму жолында бұдан да зор нәтижелерге жетіп, халықаралық аренада өз беделін нығайтатынына сенім білдірген.

«Қазақстан Республикасы Оңтүстік Африка Республикасымен арадағы  байланыстарды әрі қарай тереңдетуге, екіжақты сауда-экономикалық  және мәдени-гуманитарлық қатынастарды жаңа деңгейге шығаруға мүдделі», – делінген жеделхатта.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Д.Зумаға мықты денсаулық, жауапты қызметінде табыс, ал достас ОАР халқына бақ-береке тілеген.


 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің