National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның даңқты спортшысы Александр Винокуровқа тас жолдағы топтық жарыста Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

2012 жылғы 28 шілде

– Топтық веложарыстағы тамаша жеңісіңізбен құттықтаймын! Жолды жүріп өтіп, мықты қарсыластарыңызды басып озуға Сізге өзіңізге тән мақсаткерлік пен рухтың зор күші көмегін тигізді.

Олимпиаданың алғашқы күніндегі Сіздің айқын жеңісіңіз  Қазақстанның даңқын әлемге паш етті және отандық велоспорттың жоғары деңгейде екенін тағы да көрсетті.

Сіз веложарысты зор қызығушылықпен және толқыныспен қадағалап, өзіңізге шын тілеулес болған барлық қазақстандықтарға және спорт жанкүйерлеріне тамаша тарту жасадыңыз.

Біздің құраманың бұл алғашқы алтыны ХХХ Олимпиялық ойындардағы бұдан кейінгі жарқын жеңістеріміздің бастауы болсын, – делінген жеделхатта.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің