Жеделхатта автокөлік апаты салдарынан адамдардың қаза тапқаны туралы қайғылы хабарды Қазақстан Президентінің терең күйзеліспен қабылдағаны атап көрсетілген. «Орны толмас қайғыны бөлісе отырып, Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза болғандардың туған-туыстары пен жақындарына көңіл айтуымды және қолдауымды жеткізуді сұраймын», - делінген жеделхатта.