National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстанның діни бірлестіктер өкілдерінен хаттар әлі де келіп түсуде

2012 жылғы 08 қараша

 

Қазақстанның Католиктік епископтары конференциясының өкілдері Т.Пэт, Я.Калет, Х.Сиерр, А.Шнайдер, В.Говер Мемлекет басшысының Жоғары мәртебелі Папа XVI Бенедикттің өкілі кардинал Анджело Соданомен кездесуін алғыс сезімімен еске алатындарын айтады.

«Қазақстанның барша католиктері атынан Сізге өзіміздің құрметіміз бен ризашылығымызды жеткізіп, сонымен қатар Сіз үшін және өзіміздің бүкіл сүйікті Қазақстанымыз үшін күн сайын дұға ететінімізге Сізді сендіргіміз келеді», - деп жазады хат авторлары.

Сондай-ақ католиктік епископтар елдің католиктік діни бірлестіктері қайта тіркеу рәсімінен табысты өткенін атап өтеді.

Қазақстанның Евангелиялық христиан-хаптистер Шіркеулері Одағының Төрағасы Ф.Тиссен өз хатында Мемлекет басшысына елімізде барлық діндердің заң алдындағы теңдігіне бастаған бейбітшіліксүйгіш саясаты үшін ризашылығын білдіреді.

Автор Одақтың шіркеулерінің қайта тіркеуден өткенін, мұның Қазақстанда Евангелиялық христиан-баптистердің ресми мойындалғанын дәлелдейтінін атап өткен.

«Дін ұстанудағы еркіндік саясатын және бүкіл елді басқаруды жүзеге асыра беру үшін Сізге Жаратушы Иеден даналық пен денсаулық беруін сұрап мінәжет етеміз» делінген хатта.

«Община Вечное Евангелие» евангелие сеніміндегі христиандар» жергілікті діни бірлестігінің Пасторы С.Серовтың хатында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заңның мемлекеттегі діни қызметті азаматтардың бостандығын шектемей реттеп отырғаны атап өтілген.

Осыған байланысты автор болашақта өз қызметін қоғамның бейбіт дамуына үлесін қоса отырып, заң жүзінде жалғастыруға берілген мүмкіндік үшін алғыс айтады.  

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің