National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстанның туристік қауымдастығының президенті Р.Асанбаевадан хат келді

2013 жылғы 22 маусым

 

Өз хатында Р.Асанбаева түрік авиакомпаниясының банкротқа ұшырауы салдарынан зардап шеккен қазақстандық туристерге көрсетілген қамқорлық үшін алғысын білдірген. Осы себептен отандық туристік фирмалар да қиын жағдайға тап болған болатын, оның көпшілігі – шағын және орта бизнес субъектілері.

«Сіздің тапсырмаңызбен отандастарымызды елге қайтару үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшақтарын бөлу және жедел, төтенше көмек көрсету туралы Қазақстан азаматтары мен туристік қоғамдастық үшін маңызды шешім қабылданды», – делінген хатта.

Хат иесі мемлекет тарапынан көрсетілген көмек 800-ден астам қазақстандық туристік фирманың орнықты жұмысын сақтау қалуға мүмкіндік жасағанын, егер банкроттық орын алған жағдайда 4000-ға жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін болғанын атап өткен.

«Сіздің шешіміңіз Отанымыздың күш-қуатын және қарапайым азаматтар, барша қазақстандықтар мемлекеттің сенімді қорғауында екеніне, ешқашан қорғаусыз қалмайтынына, оларға әрқашан көмек көрсетілетіне сенімділікті көрсетіп берді», – деп жазады Р.Асанбаева.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің