Өз хатында ұжым мүшелері тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – тұрақтылық пен қарқынды дамуды қамтамасыз ету табысты орындалғанын атап өткен. Авторлар бүгінде барша қазақстандықтар топтасқан және қуатты қоғамды қалыптастыруға елеулі үлестерін қосып келе жатқанына тоқталған. «10 жыл бұрын, 22 қазанда, Сіз Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданына арнайы келіп, облыстық өзбек драма театрын аштыңыз. Биыл осы айтулы датаны атап өтпекпіз», – делінген хатта. Сондай-ақ, театр ұжымы өткен 10 жылда театр сахнасында елуден астам қойылым қойылып, оған мыңдаған адам қатысқанын атап көрсеткен. Осы орайда олардың арасында этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісін насихаттауға арналған пьесалар маңызды орын алады. Хат соңында авторлар Мемлекет басшысына елімізде жүргізіліп отырған этносаралық татулық пен келісімді қолдауға бағытталған саясат үшін алғыстарын білдірген.