National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Сингапур Республикасының Премьер-Министрі Ли Сянь Лунге осы елдің тұңғыш Премьер-Министрі Ли Куан Юдың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

2015 жылғы 23 наурыз

 

Жеделхатта Қазақстан Президенті Сингапур мемлекетінің негізін қалаған жаһандық ауқымдағы көрнекті саяси қайраткер Ли Куан Юдың қайтыс болғаны туралы хабарды күйзеле қабылдағаны айтылған.

«Біз жиі кездесіп тұрдық. Мен оны жақын дос санадым, одан көп тәжірибе алдым. Орны толмас қайғыны бөлісе отырып, Қазақстан халқының және жеке өз атымнан туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ  барша Сингапур халқына көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Сингапурдың әлемдік беделін нығайтып, оның Азиядағы жетекші ел ретінде қалыптасуы үшін Ли Куан Юдың орасан күш-жігер жұмсағанын және сол арқылы артына өшпес мұра қалдырғанын атап өткен.

«Қазақстан халқы Ли Куан Юдың біздің елдеріміздің арасындағы берік достық қатынастарды нығайтуға қосқан зор үлесін ешқашан ұмытпайды», – делінген жеделхатта. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің