Жеделхатта К.Де Маржеридің Мәскеудегі «Внуково» әуежайындағы ұшақ апатынан қаза тапқаны туралы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтың күйзеле қабылдағаны айтылған. «Кристоф де Маржери кәсіпқой маман және беделді басшы болатын, Қазақстан мен Францияның достық қарым-қатынастарын нығайтуға және еліміздегі энергетика секторын дамытуға зор үлес қосқан ірі тұлға еді», – деп атап өткен Мемлекет басшысы. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан марқұмның отбасы мен жақындарына шын ниетпен көңіл айтқан.