National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының академигі, көрнекті ғалым Болат Жұбановтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

2014 жылғы 31 мамыр

 

Нұрсұлтан Назарбаев Болат Жұбановтың өмірі абыройлы еңбектің үлгісі екенін атап көрсетті.

 Мемлекет басшысы академиктің еліміздегі химия ғылымының өзекті салаларының дамуына өлшеусіз үлес қосқанын атап өткен. Ол Химия ғылымдары институтына ұзақ жылдар бойы жемісті басшылық етті. Лайықты ізбасарлар тәрбиеледі. Сонымен қатар, іргелі зерттеулері үшін Мемлекеттік сыйлыққа және өзге де марапаттарға ие болды. Қазақстан Президенті ғалымның адамгершілік қасиеттері мен игілікті істері арқылы отандастарымыздың есінде қалатынын айтты. 

«Абзал азамат, ғибраты мол ғалым Болат Жұбановтың жарқын бейнесі халқымыздың жадында әрдайым сақталады», - делінген жеделхатта.

 

 


 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің