National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысының туған күніне және Астана күніне байланысты келіп түскен құттықтаулар авторларына арнаған сөзі

2015 жылғы 14 шілде

 

Қадірлі қауым!

Соңғы уақытта менің атыма Астана күніне және мерейтойыма байланысты көптеген хаттар мен жеделхаттар келіп түсті.

Құттықтаушылар қатарында мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен компаниялардың басшылары, қоғам өкілдері және ел азаматтары бар.

Жылы лебізді тілектер әлемнің түкпір-түкпірінен және еліміздің барлық өңірінен келді.

Әсіресе, мені толқытқаны – жасөспірім мектеп оқушылары өз өлеңдерін, суреттерін, құттықтауларын жолдап жатты. Бұл адамның жүрегін тебірентеді.

Биыл 17 жасқа толған Елорда – ел тағдырымен еншілес менің өмірімнің мәнді бөлшегі.

Астана күнімен қабат келген мерейтойыма арналған ең қымбат сыйлық – Қазақстанның жеткен жетістіктері.

Өмірін мемлекеттің мерейлі, халқымның бақытты болуына арнаған мен үшін көптің шынайы ықыласынан артық ештеңе жоқ.

Осындай қолдау, әрине, жігерлендіреді, халыққа қызмет етуге, белгіленген бағдарламаларды орындауға күш береді.

Жылы лебізді құттықтаулар үшін баршаңызға шын жүректен зор ризашылық білдіремін!  

Әрқайсыңызға жеке-жеке ризашылығымды білдіруге де болар еді, бірақ ол мүмкін емес. Сондықтан менің осы айтқан сөздерімді әрқайсыңызға ризашылығым мен рахметім деп білерсіздер.

Өз тарапымнан баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің