Гурбангулы Бердымұхамедов Нұрсұлтан Назарбаевты өткен сайлаудағы жеңісімен құттықтады.
Түрікмен Президенті екі елдің және халықтың арасындағы бауырластық қарым-қатынасты одан әрі де дамытуға дайын екендігін білдірді.
Г.Бердымұхамедов Қазақстан Президентіне мықты денсаулық, бақыт және республика халқының ілгерілеуі мен дамуы бағытындағы жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.