Автор өзінің хатында Алматыда өткен чемпионат осы жарыс түрінің тарихындағы ең табысты турнир болғанын атап өткен. Соған орай ол Мемлекет басшысына, Үкімет мүшелеріне және спорт қайраткерлеріне аталған жарысты лайықты деңгейде ұйымдастыруға айрықша көңіл бөлінгені үшін ризашылығын білдіреді. IWF президенті сондай-ақ Қазақстан атлеттері жоғары нәтижелерге қол жеткізгенін айта отырып, жалпы бұл турнир нәтижелері бүкіл әлемде зор резонанс тудырғанына тоқталады. Сонымен қатар хатта Алматыда халықаралық ауыр атлетика федерациясының жыл сайынғы конгресі өткені, оның барысында Федерацияның 109 жылдық тарихында маңызды мәнге ие болған шешімдер қабылданғаны айтылады. Соңында Т.Аян ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу үшін Алматының кандидатурасын ілгерілетуге септігін тигізгеніне назар аударған.