Қазақстан Президенті атына шетел мемлекеттері мен үкіметтері басшыларынан, халықаралық және мемлекетаралық ұйымдардан, еңбек ұжымдарынан, мәдениет, білім және спорт саласы өкілдерінен құттықтау хаттар легі жалғасуда.
Атап айтқанда, Татарстан Республикасының Президенті міндетін уақытша атқарушы Р.Минниханов сайлаудағы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңісі лайықты әрі маңызды екенін атап өткен.
«Әлемге өзінің бірлігін, билікке деген сенімі мен Өзіңіз жүргізіп отырған «Нұрлы жол» экономикалық саясатына қолдауын көрсеткен сайлау қорытындылары Сіздің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі беделіңіздің биік екенін тағы да дәлелдеді», – делінген жеделхатта.
БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры міндетін атқарушы М.Мёллер Қазақстан Президентінің жаңа мерзімге сайлануы БҰҰ бөлімшесі мен біздің елдің арасындағы ынтымақтастықты жалғастыруға және кеңейтуге мүмкіндік жасайтынына тоқталған.
Испанияның бұрынғы Премьер-Министрі Х.Сапатеро Нұрсұлтан Назарбаевты қайта сайлануымен құттықтап, екі ел үкіметтерінің жемісті ынтымақтастығына тоқталған және еліміздің гүлденуіне тілектестік білдірген.
Литва Республикасының бұрынғы Премьер-Министрі, Латвия Халықтық партиясының құрметті төрағасы К.Прунскене Қазақстан Президентінің сайлаудағы жеңісі бүкіл халықтың шүбәсіз жеңісі екенін айтады.
«Сіз өз еліңіздің ғана емес, жақын мемлекеттердің де тірегі әрі тұрақтылығының кепілі болып саналасыз. Сіздің көреген саясаткер және мемлекет басшысы ретіндегі бай тәжірибеңіз Қазақстанның мүддесі үшін, оның гүлденуі, сондай-ақ біздің елдеріміз бен халықтарымыздың арасындағы достық және тату көршілік қарым-қатынастарды нығайту үшін бұдан әрі де қызмет ете беретініне сенімдімін», – деп жазады автор.
Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы әрі төрағасы К.Шваб Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен өңірдің бейбітшілігі мен гүлденуіне маңызды үлес қосып жатқанын атап өткен.
«Басты мақсаты елді дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосу болып отырған «Қазақстан-2050» Стратегиясының маңыздылығын Дүниежүзілік экономикалық форум мен Қазақстанның арасындағы алдағы жылдардағы ынтымақтастықты нығайтуға әзірлік тұрғысынан атап өткім келеді», – деп жазады автор.
ИСЕСКО Бас директоры Әбдел Әзиз Әт-Туэйджри Қазақстан Президентінің басшылығымен еліміз орнықты даму, гүлдену және әл-ауқатын арттыру бағытында нық жүріп келе жатқанын атай отырып, Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық және амандық тіледі.
Испания депутаттар конгресінің төрағасы Х.Морено Қазақстан Президентінің жаңа мандаты екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға мүмкіндік тудыратынын атап өткен.
«Йоббик» партиясының жетекшісі Г.Вона және партияның парламенттік тобы жетекшісінің орынбасары М.Дьёндьёши Қазақстанның Орталық Азия өңірінің көшбасшысы және халықаралық қоғамдастықтың құрметті мүшесі болып қалыптасуын жолындағы теңдессіз ілгерілеуіне тоқталған.
«Біз Қазақстанның соңғы жиырма бес жылдағы табысты дамуы барлық елдер, соның ішінде Венгрия үшін де үлгі көрсетіп, баршаға пайдалы зор тәжірибе беретініне сенімдіміз. Біз елдеріміз әлдеқайда тығызырақ қарым-қатынас өрбітеді және Қазақстан үшін де, Венгрия үшін де көптеген артықшылықтарға жеткізедідеп үміттенеміз», – делінген жеделхатта.
«Эни» компаниясының бас атқарушы директоры К.Дескальци сайлау нәтижесі сенім деңгейінің жоғарылығын, Қазақстан Президентінің дана басшылығымен жүзеге асып жатқан Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатын халық қолдайтынын тағы дәлелдегенін атап өткен.
«Біздің компания өз қызметін 1992 жылдан бері Қазақстанда жүзеге асырып жатқан шетелдік ірі инвестор ретінде елдің экономикалық табыстарына үлесін қосқанын мақтан етеді. Сіздің қолдауыңыз арқылы ынтымақтастығымыз жалғасатынына және Қазақстанның экономикалық дамуына септігін тигізетініне сенімдіміз», – делінген құттықтауда.
«Consolidated Contractors International» компаниясының инжиниринг және құрылыс жөніндегі президенті С.Хури өз құттықтауында Мемлекет басшысының қуатты әрі табысты Қазақстанның әрі қарай гүлденуін қамтамасыз етудегі негізгі рөлін атап көрсеткен.
«Сіздің жаңғыру мен мемлекеттілікке негізделген өршіл реформаларды жүзеге асыруға ұмтылысыңыз жұрттың кең қолдауына ие болғаны анық, бұған Сізге берілген дауыстар саны дәлел. Біз Сіздің көшбасшылығыңызды қолдаймыз. Біз Сіздің ұлы еліңіздің болашағына қатысты көзқарасыңызды құптаймыз», – делінген хатта.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының Атқару комитетінің директоры Ч.Синьфэн дауыс беру қорытындылары Қазақстан халқының Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты кеңінен қолдайтынын, мемлекет пен қоғамның орнықты дамуын қамтамасыз ету ісіндегі еңбегінің мойындалуын, сондай-ақ елдің әлемдік қоғамдастықта лайықты орын алып отырғанын дәлелдейтінін атап айтқан.
Евразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы В.Христенко дауыс беру қорытындылары Қазақстан азаматтарының Мемлекет басшысына, оның қызметіне және елді бұдан әрі дамыту бағытындағы бастамаларына деген сенімінің жоғары деңгейін айқын көрсеткенін атап өткен.
«Сіз қоғамдық келісімнің жемісті атмосферасын қалыптастырып, Қазақстан тұрғындарына ертеңгі күнге деген сенім ұялатып, ел дамуының стратегиясын жасай алдыңыз. Сіздің көпжылдық тәжірибеңіз, жоғары кәсіби деңгейіңіз бен сарқылмас қуатыңыз баршаның шынайы құрметіне лайық бола алды. Біз өзіміздің күнделікті жұмысымызда Сіздің назарыңыз бен қолдауыңызды сезінеміз деп Сізді сендіре аламыз және алда да солай болады деп үміттенеміз», – делінген құттықтауда.
Еуразиялық экономикалық комиссиясының энергетика және инфрақұрылым жөніндегі комитетінің мүшесі (министр) Т.Мансұров Мемлекет басшысын сайлаудағы айқын әрі сенімді жеңісімен құттықтаған.
«Қазақстан халқы Сізге – Ұлт көшбасшысына сенімді түрде дауыс берді, өйткені өзінің қазіргі және болашақтағы игілігін Сіздің жасампаз қызметіңізбен байланыстырады. Қазақстандықтар Сіздің қуатты саяси ерік-жігеріңіз бен стратегиялық көрегенділігіңіз әлемге Қазақстанның және халқымыздың жаңа бейнесін танытқанын мақтан етеді», – деп жазады Т.Мансұров.
Қазақстан Президентінің атына құттықтауларын Кәсіподақтардың жалпыға ортақ конфедерациясы өкілдері де жолдап, сайлау Мемлекет басшысы ұстанып келе жатқан бағытқа деген сенімін тағы да білдірген Қазақстан халқының тарихи таңдауының айшықты да айқын айғағы болғанын атап өткен.
«ТМД-дағы кәсіподақтар қозғалысы азаматтардың тұрмыс деңгейін арттыру, еңбек адамдарын әлеуметтік қорғау, азаматтық қоғамның маңызды институты ретінде кәсіподақтармен теңқұқылы диалог өрбітудеі Сіздің қамқорлығыңызды жоғары бағалайды. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан алда да достықты, мемлекеттердің өзара тиімді ынтымақтастығын дамыту, сондай-ақ жан-жақты ықпалдастықты тереңдету ісі бойынша өңірде және әлемде маңызды рөл атқара береді деп сенеміз», – делінген құттықтауда.
Еуразия медициналық одағының төрағасы А.Саркисян Қазақстан халқы көрсеткен жоғары сенім Нұрсұлтан Назарбаевтың демократиялық тұрғыдан дамыған және әлеуметтік жауапты мемлекет құру, Орталық Азиядағы тұрақтылықты сақтау, халық денсаулығын қорғау ісіндегі еңбегінің мойындалғандығының белгісі екенін айтады.
Мемлекетаралық авиациялық комитет төрайымы Т.Анодина сайлаушылардың бірауызды қолдауы Нұрсұлтан Назарбаевтың Мемлекет басшысы ретіндегі жоғары қызметіндегі еңбегінің мойындалуының дәлелі екенін атап өткен.
«Сіздің алысты көздеген және байыпты басшылығыңыздың арқасында Қазақстан Республикасы халықаралық қоғамдастықтың беделді мүшесіне айналып, қарқынды даму үстіндегі елдер қатарынан лайықты орын алды», – делінген жеделхатта.
Қорған облысының губернаторы А.Кокорин Қорған облысы үкіметінің және жеке өзінің атынан Қазақстан Президентін сайлаудағы айқын, лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтайтынын жеткізген.
«Сізге Қазақстанға және өз халқыңызға қызмет ету ісінде бұдан әрі де табыс және барлық жоспарлар мен бастамаларыңыздың толық жүзеге асыуын, мықты денсаулық, бақыт, амандық тілеймін», – делінген жеделхатта.
Жылы лебізді құттықтау Челябинск облысының губернаторы В.Дубровскийден келіп түсті.
«Көп жылдар бойы Сіз елдің үдемелі дамуын қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның барша халқының игілігі жолындағы ауқымды міндеттерді ұдайы табыспен атқарып келесіз. Ресей мен бауырлас Қазақстанды байланыстыратын тығыз, өзара тиімді экономикалық және гуманитарлық қарым-қатынас алда да дами береді деген сенімдемін», – деп жазады автор.
Санкт-Петербург губернаторы Г.Полтавченко бүгінде Қазақстанның қуатты, қарқынды дамып келе жатқан мемлекет әрі Ресей Федерациясының сенімді серіктесі екеніне назар аударған.
«Қазақстан Республикасымен ынтымақтастық Санкт-Петербург үкіметі жұмысының басымдығы бар бағытының бірі болып саналады. Біз сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және гуманитарлық салалардағы қалыптасқан достық сипатындағы әрі сындарлы диалогты жоғары бағалаймыз. Петербург бастамаларына деген Сіздің оң ықыласыңыз бен қолдауыңыз бірлескен жобаларды жүзеге асыруда жоғары нәтижелерге жетуге кепілдік береді», – деп жазады автор.
Қызылорда облысының Байқоңыр қалалық әкімшілігінің басшысы міндетін атқарушы А.Петренко Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген әрі сындарлы саясатының, қажырлы еңбекқорлығы мен стратегиялық ойлау қабілетінің арқасында Қазақстан жер жүзіндегі ең бақуатты және қарқынды дамушы ел болып саналатынын атап өткен.
«Сайлау нәтижелері отандастарыңыздың Сізге деген сенімінің ең жоғары деңгейін көрсетті. Сіз көп жылдар бойы елдің мемлекеттік және саяси көшбасшысы, жалпы адамзаттық құндылықтардың, бейбітшіліктің, халықтар достығы мен шынайы демократияның сақтаушысы болып келесіз. Байқоңыр тұрғындары Сіздің қаламызға деген қамқорлығыңызды жоғары бағалайды және ертеңгі күнге деген сенімді сезінеді», – деп атап өтілген құттықтауда.
«РЖД» ААҚ президенті В.Якунин Қазақстан Президентінің Еуразиялық экономикалық одақ құруға бағытталған жүйелі саясаты оған қатысушы мемлекеттердің ықпалдастығын тереңдету үшін шынайы алаң қалыптастыруға мүмкіндік бергенін айтқан.
«Қазақстандықтар ел басшылығын Сізге тағы да сеніп тапсырды. – бұл Сіздің ел Президенті лауазымындағы еңбегіңіздің даусыз мойындалуының айғағы. Қазақстан Республикасы бұрынғысынша Ресейдің сенімді серіктесі, тату көршісі және адал досы болып қалатынына сенімдімін», – деп жазады автор.
Кеңес және Ресей жоғары оқу орындары түлектерінің Египет қауымдастығының төрағасы Ш.Гед соңғы жылдары Қазақстан бірқатар маңызды реформалар жасап, жаңа елорда – Астананы салғанын, сондай-ақ жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау саласында маңызы зор бастамалар көтеріп келе жатқанын айтады. Ол сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсаты қазірдің өзінде шынайы сипат ала бастағанына тоқталған.
Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры, РҒА академигі А.Торкунов Нұрсұлтан Назарбаевтың дана басшылығымен Қазақстан әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін едәуір жақсартып қана қоймай, инновациялық даму жолына да батыл түскеніне назар аударған.
«Сайлау нәтижесі Қазақстан халқы өзгерістерді оң бағалайтынын, Сізге сенім артатынын және ел татулық, тұрақтылық және гүлдену бағытында ілгерілеп бара жатқанына сенімді екеннін тағы дәлелдеді. Сізге Отаныңыздың игілігі жолындағы қызметіңіздің жемісті болуын тілеймін», – делінген жеделхатта.
Мәскеу драма театрының жетекшісі А.Джигарханян жылы лебізді құттықтауын жолдады.
«Сіз – ұлы елдің ұлы басшысысыз. Сіз ең күрделі, көпқырлы міндеттерді еңсере аласыз. Сіздің айналаңызға адамдарды тартып, достарыңыздың, үзеңгілестеріңіз бен пікірлестеріңіздің қатарын кеңейтетін жасампаз қуаттың ұзақ жылдар бойы сақталуын шын жүректен тілеймін», – деп жазады автор.
«Итар-Тасс» РАА Бас директоры С.Михайлов Нұрсұлтан Назарбаевтың бай әрі жан-жақты тәжірибесі, кәсібилігі мен басқарушылық машығы Қазақстанды дамыту мен гүлдендіруге бағытталған жаңа идеялар мен тиімді шешімдерді өмірге әкелудің кепілі болатынына сенімділік білдірген.
Сондай-ақ Курск облысының губернаторы С.Михайлов, «Астаналар мен ірі қалалар халықаралық ассамблеясының» президенті міндетін атқарушы, Орынбор қаласының басшысы Ю.Мищеряков, РФ Мемлекеттік Думасы Федеральдық жиналысының депутаты, генерал Б.Громов, ресейлік мемлекет қайраткері П.Бородин және Новосибирск тұрғыны Н.Пензюр өз құттықтаулары мен тілектерін жолдаған.
***
М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандағы филиалының директоры А.Сидорович Мемлекет басшысын оқу орны ұжымының атынан құттықтап, оның халықаралық аренадағы және бүкіл ел азаматтары алдындағы беделі биік екенін атап өткен.
«Сіздің бастамаңыздың арқасында ММУ-дың Қазақстан филиалы дамып, Сіздің сеніміңізді ақтап келеді. Біз Сізді ұятқа қалдырмайтынымызға және дана басшылығыңызбен жаңа кезеңге аяқ басқан елдің дамуына қосар үлесімізді еселей беретінімізге сендіреміз», – деп жазады автор.
Қазақстан-Америка еркін университетінің президенті Е.Мәмбетқазиев қазақстандықтардың Нұрсұлтан Назарбаевқа деген сенімінің ақталғандығын айта келіп, ұжым атынан шын жүректен шыққан құттықтауын жеткізген.
«Полиэтникалық республика халқының игілігі жолындағы жасампаз қызметіңіз әрқашан Сіз үшін бақуаттылықтың, ұзақ өмірдің, тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіндегі, халықаралық беделінің нығаюындағы бұдан арғы жетістіктердің сарқылмас қуат көзіне айнала берсін», – делінген құттықтауда.
Алматының «Қайрат» футзал клубының президенті К.Оразбеков өз құттықтауында клубтың Еуропа аренасындағы табысы барша отандастарға тамаша тарту боларына сенім білдірген.
«Біз УЕФА кубогының ақтық ойынында каталондық «Барселонадан» 3:2 есебімен басым түскен жеңісімізді қуанышты көңілмен осы жалпыұлттық мерекеге арнаймыз», – делінген хатта.
Наганода өткен қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Л.Прокашева Президенттің сайлаудағы күмәнсіз әрі айқын жеңісі барша қазақстандықтардың таңдаған саяси бағыттың дұрыстығына деген терең сенімінің жемісі әрі бүкіл халықтық сенімнің көрінісі екенін атап өткен.
«Біз мемлекетімізді Сіз бастап келе жатқан жолда елдің кезекті саяси және экономикалық жеңістерінің қатары толығатынына сенеміз. Біз Сізге сенеміз, Қазақстанға сенеміз, жарқын болашағымызға сенеміз» – делінген құттықтауда.
Өз құттықтауларын Алматы көпір конструкциялары зауытының ұжымы да жолдап, Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен ғана елдің кез келген қиындық пен ауыртпалықты еңсере аларына, жаңа биіктерге жетеріне, сондай-ақ республиканың тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етеріне сенім білдірген.
Алматы қаласынан «Келет» АҚ президенті А.Папп әрбір қазақстандық Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен тәуелсіздік жылдарында елдің жеткен табыстарын лайықты бағалайтынына сенім білдірген.
«Бүгінгі таңда біздің ел татулық пен келісім, өзара құрмет пен толеранттылық негізінде полиэтносты қоғам құрудың бірегей үлгісі болып саналады», – деп жазады автор.
«Казэнергокабель» АҚ бас директоры О.Крук кәсіпорын ұжымы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңісі туралы хабарды терең қанағаттанушылықпен және шынайы қуаныш сезімімен қабылдағанын атап өткен.
«Сіздің басшылығыңызбен егемен, экономикалық дамыған мемлекеттің құрылысы бізге таяу он жылға қойылған биік міндеттерді жүзеге асыру үшін сенімділік пен күш-қуат береді. Мемлекетімізде жасалған әлеуметтік-экономикалық, құқықтық жағдайлардың, инвестициялық климаттың арқасында біз балаларымыздың болашағы жарқын болатынына, бизнесіміз бен елдің гүлденетініне сенімдіміз», – деп жазады автор.
Алматыдағы «Аксай» НТК» ЖШС ұжымы атынан алғыс білдірген кәсіпорынның бас директоры О.Самаренко Қазақстан Президентінің сайлаудағы даусыз жеңісі барша қазақстандықтар үшін ортақ жеңіс болғанына назар аударады.
«Сайлау ел тұрғындарының теңдессіз белсенділігін танытты. Бұл әрбір қазақстандықтың өзіне деген мемлекет қамқорлығы мен қолдауын сезінетіндігінің айшықты айғағы болып саналады. Сіз таңдаған бағыт елімізді әлемнің ең дамыған және табысты мемлекеттері деңгейіне жеткізеріне сенімдіміз», – делінген жеделхатта.
Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы «Победа» ЖШС директоры А.Поляков Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңісі тәуелсіз Қазақстанның бұдан кейінгі тарихы үшін тағдыршешті оқиғаға айналғанын атап өткен.
«Сіздің Қазақстанның болашағына қатысты болжамыңыздың дұрыстығын өмір көрсетіп отыр. Еліміз шынында да заманауи әрі өркендеу үстіндегі, халықаралық аренада беделі бар мемлекетке айналды. Сіздің дана басшылығыңызбен республика зор өзгерістерді жүзеге асыра алады. Бүгінде ауыл жұртында өз елінің болашағына берік сенім бар. Біз, ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының табысты орындалуы үшін бар күш-жігерімізді саламыз, – деп жазады автор.
Өз құттықтауында С.Терещенко Қазақстан халқы сенімді достың және серіктестің үлгісін танытып, Мемлекет басшысының соңынан еріп келе жатқанын, жалпыхалықтық дауыс беру нәтижесі соны дәлелдейтін атап өткен.
Түркі академиясының президенті Д.Қыдырәлі Нұрсұлтан Назарбаев түркі елдері ықпалдастығының басында тұрғанын айта келіп, денсаулық пен бақуаттылық тілеген.
Еңбек ардагері, Қарағанды қаласының құрметті азаматы С.Досмағамбетов президент сайлауы Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай жалпыхалықтық сүйіспеншілікке және қолдауға ие екенін бүкіл әлемге көрсеткенін айтады.
Астанадан Рогалевтер отбасы елдегі барлық саяси және экономикалық өзгерістер тек Қазақстан Президентінің есімімен байланыстырылатынына назар аударған.
«Сіз басқарған жылдары Қазақстан қуатты да қарқынды даму үстіндегі мемлекетке айналды. Сіз мемлекетшілдердің тұтас бір шоғырын тәрбиеледіңіз, бізді бүкіл әлем біледі және құрметтейді, ал ең бастысы – Сіз көпұлтты Қазақстан халқының татулығын, тыныштығын және достығын сақтай отырып, оны жасампаздық пен өркендеу жолымен бастап келесіз», – делінген жеделхатта.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевты Президент сайлауындағы айқын жеңісімен Қостанай қаласынан Социалистік Еңбек ері К.Дөненбаева, Қазақстанның халық әртісі С.Тыныштығұлова, М.Айтхожин атындағы Молекулярлық биология институтының директоры, академик Н.Айтхожина, Қызыл жарты ай қоғамының президенті Е.Арғымбаев, Астана қаласынан профессор Д.Мәсімханұлы, Ақмола облысы Степногорск қаласындағы халықтық хор ұжымы, Астана қаласынан еңбек ардагері З.Қадырова, Алматы облысы Көксу ауданы Мәмбет ауылынан Бикешевтер отбасы, Павлодар облысының құрметті азаматы Ә.Сарқыншақов, «Рысбаева және К» ЖШС директоры С.Рысбаева, Тараз қаласынан Р. Тәттіғұлов, Жамбыл облысынан Е.Нәби, Ақмола облысы Қосшы ауылының тұрғыны Ф.Ғибадулина, Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласынан А.Жолбарысов құттықтады.