Д.Зума басқаратын партияның сайлаудағы жеңісі заңдылық екенін атап өткен Қазақстан Президенті таяу уақыттарда ОАР әлеуметтік-экономикалық даму жолында бұдан да зор нәтижелерге жетіп, халықаралық аренада өз беделін нығайтатынына сенім білдірген. «Қазақстан Республикасы Оңтүстік Африка Республикасымен арадағы байланыстарды әрі қарай тереңдетуге, екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды жаңа деңгейге шығаруға мүдделі», – делінген жеделхатта. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Д.Зумаға мықты денсаулық, жауапты қызметінде табыс, ал достас ОАР халқына бақ-береке тілеген.