National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Алматыда ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің қатысуымен «Қазақстанның қылмыстық істерді жүргізу заңнамасын құқықтық мемлекет принциптері негізінде реформалау» атты дөңгелек үстел отырысы өтті

2013 жылғы 15 наурыз

 

Бас прокуратура мен Конституциялық кеңес халықаралық серіктестерімен бірлесіп ұйымдастырған отырысқа Президент Әкімшілігінің, Жоғарғы Соттың, құқық қорғау органдарының басшылары, Парламент депутаттары, ғылыми жұртшылық, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, шетелдік сарапшылар  қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Бас прокуратура әзірлеген заң жобасы аясында Қылмыстық істерді жүргізу кодексін жетілдірудің маңызды бағыттары жан-жақты талқыланды. Ұсынылып отырған өзгерістер тергеу органдарының жұмысын елеулі түрде жеңілдетуге және жеделдетуге, қылмыстық істерді жүргізу заңын халықаралық стандарттарға барынша жақындатуға, қылмыстық процеске тартылған азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдігін күшейтуге арналған.

Отырыста атап өтілгендей, сотқа дейінгі өндіріс қылмыстық істерді жүргізу құқығының ең өзекті проблемасының бірі болып саналады. Оның қолданыстағы моделі қазіргі заманғы талаптарға жауап бермейді және азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтауға теріс ықпал етеді.

Сонымен қатар, қылмыстық істерді жүргізу заңнамасы тиімділігін арттырудың негізгі аспектілері, қылмыстық процесс тәжірибесіне түбегейлі жаңа ережелерді енгізу, қылмыстық-құқықтық дауларды шешудің соттан тыс тетіктерін дамыту туралы пікір алмасылды.        


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің