National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

2013 жылғы 22 наурыз

 


 

Қазақстан Президенті еліміздің бірінші ханымы – Сара Назарбаевамен бірге Алматыдағы «Астана» алаңында өткен мерекелік іс-шараларға қатысты.

Мемлекет басшысы Наурыз – біздің барша көпұлтты еліміз атап өтетін ежелгі мереке екенін айтты. Адал еңбек, берік те үлкен отбасы, жасы үлкенге құрмет, өзге мәдениетті ілтипатпен құшақ жая қабылдай білу – Қазақстан халқының айнымас асыл дәстүрлері.

Наурыздың күн мен түн теңелетінін, күн ұзара бастайтынын білдіретін символдық мәні бар. Президент Қазақстанның қазір дәл сондай тарихи кезеңде тұрғандығын атап көрсетті. Еліміз қилы кезеңдерді еңсере отырып, мықты әрі қуатты мемлекетке айналды. Мәселен, экономика 16 есе өсті, жалпы ішкі өнім адам басына шаққанда 12 мыңнан астам долларды құрайды, сөйтіп, Қазақстан Оңтүстік-Шығыс Азия мен Шығыс Еуропаның көптеген елдерімен бір деңгейден орын алды. Республикада орташа өмір сүру деңгейі едәуір артты, жаңа мектептер мен денсаулық сақтау нысандары салынды.

Нұрсұлтан Назарбаев қол жеткен табыстарға қарамастан, еліміз бір орында тұрып қалған жоқ, дамуын жалғастыруда және жаңа міндеттер қоюда.

- Біз 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын қабылдадық. Біздің мақсатымыз – әлемнің жетекші 30 елінің қатарына кіру. Біз алдымызға өте батыл мақсаттар қойдық. Ол қыруар жұмысты, үлкен қажыр-қайратты талап етеді. Біз барша қазақстандықтардың жақсы өмір сүруі үшін ұзақ мерзімді даму жолын саналы түрде таңдадық, – деді Қазақстан Президенті.

Сөз соңында Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарға бақыт, үміт, молшылық және рухани күш-жігер тіледі.

Мерекелік іс-шара салтанатты концертке ұласты.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің