National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Елбасы Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесті

2017 жылғы 28 желтоқсан

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту мен әскеріміздің жауынгерлік дайындығын арттыру мәселелері бойынша 2017 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы жөнінде баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев армиямыз құрылғаннан бергі 25 жыл ішінде аумақтық тұтастығымыздың, мемлекетіміздің экономикалық тұрғыдан өркендеуі мен беделінің нығая түсуінің кепіліне айналғанын атап өтті.

– Біз биыл мемлекетіміздің әскери құрылымының бағыты мен оны әрі қарай дамытудың міндеттері белгіленген ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, әскери доктринаны, Қарулы Күштерді дамытудың тұжырымдамасын бекіттік. Осы құжаттарды іске асыру нәтижесінде 2030 жылға қарай Қарулы Күштеріміздің қуаты әскеріміздің жауынгерлік әлеуетінің артуы есебінен бір жарым есе өсуге тиіс. Арнаулы операциялар күшінің мүмкіндіктері үш есе артатын болады, – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері киберәскерінің басқару пунктін аралап көріп, ақпараттық жүйелердің киберқорғанысын қамтамасыз етудің қазіргі мүмкіндіктерімен танысты.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Қарулы Күштерін одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің