National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Отан қорғаушы күнін және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығын мерекелеу қарсаңында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығына барды

2016 жылғы 04 мамыр

 

Іс-шараға мемлекеттік органдардың басшылары, еңбек ардагерлері, Қарулы Күштердің офицерлері қатысты.

Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығын Қазақстан Президенті 2015 жылғы 1 желтоқсанда ашты. Ұлттық әскери-патриоттық орталық құрылымына Әскери-тарихи мұражай, Орталық әскери оркестр және Орталық ансамбль кіреді.

Мемлекеттік хатшы Қарулы Күштердің Әскери-тарихи мұражайының экспозицияларымен танысты. Сондай-ақ жоғары оқу орындарының студенттерімен, «Жас Ұлан» республикалық мектебінің және әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілерімен, Астана қаласы орта мектептерінің оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде Қазақстан Республикасын одан әрі дамыту және өркендетуге бағытталған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін іске асыру аясында өскелең ұрпақты әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеудің өзекті мәселелері талқыланды. Кездесуге қатысушылар Қорғаныс министрлігінің елдегі ардагерлер қоғамдастығымен, өскелең жастармен және жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу жөніндегі құзырлы мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету тұрғысында пікір алмасты.

Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы жас ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиесін жетілдірудегі басымдықтарды айқындап, Отан қорғаушы күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығы мерекесімен құттықтады.   


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің