National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан мен Ресей Қауіпсіздік Кеңестерінің хатшылары Нұрлан Ермекбаев пен Николай Патрушевтің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңестері аппараттары арасында жоспарлы консультациялар өтті

2015 жылғы 18 ақпан

 

Консультацияға сондай-ақ екі елдің тиісті мемлекеттік органдарының басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты.

Тараптар Орталық Азиядағы және Ауғанстандағы ахуалды қамти отырып, қауіпсіздік саласындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, 2015 жылғы 1 қаңтардан ЕАЭО қызметінің басталуына байланысты өзара іс-қимылдарды талқылады. 

Сондай-ақ діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл, әскери-техникалық ынтымақтастық және көші-қон үдерістерін реттеу салаларындағы түрлі мәселелер жөнінде пікір алмасылды.

Консультациялар қорытындысы бойынша қол жеткен уағдаластықтарды жүзеге асыру мақсатында хаттама әзірленді. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің