National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «ЭКСПО-2017» көрмесінің ресми іс-шаралары аясында өтіп жатқан Дүниежүзілік кардиоваскулярлық және торакальдық хирургтер қауымдастығының 27-ші конгресіне қатысты

2017 жылғы 01 қыркүйек

Конгреске Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, көрнекті әлемдік деңгейдегі және қазақстандық кардиохирургтер мен ғалымдар, денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушылары, отандық және шетелдік сарапшылар, медицина қызметкерлері қатысты.

Мемлекеттік хатшы конгрестің ашылу рәсімінде Қазақстан Президентінің форумға қатысушыларға арнаған құттықтауын оқып берді. Онда халық денсаулығы мен денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекетіміздің басым бағыттарының бірі екені атап өтілген. Қазақстан – бүкіл халық жоғары мамандандырылған тегін медициналық көмекке қол жеткізе алатын әлемдегі аз ғана мемлекеттің бірі. Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында кардиохирургиялық операцияның барлық түрі жасалады. Ол еліміздің ғана емес, әлемдік кардиохирургияның көшбасшысының біріне айналды. Адамзаттың денсаулығын жақсарту жолында өз білімі мен кәсібилігін іске асыруға дайын жетекші мамандардың басын қосқан жаһандық форум – соның айқын дәлелі.

Бүгінде «Денсаулық» бағдарламасының арқасында Қазақстанның кардиохирургиялық қызметі қарқынды дамып келеді. Егер 90-шы жылдардың басында елде жүрекке жасалатын ашық операция саны жылына 500-ден артпаса, 2016 жылы 12 мыңнан асып түсті. Қазақстан кардиохирургияның даму деңгейі жөнінен озық 30 елдің тізіміне кіреді.

2010 жылы құрылған Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы отандық кардиохирургияның көшбасшысы болып саналады. Бүгінге жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалауға және емдеуге арналған 18 инновациялық технология енгізілді, әлемнің тек 20 елінде ғана жүргізілетін 2050 бірегей ота жасалды. Орталық жүрек алмастыруға арналған 55 операцияны табысты іске асырды.

 

Анықтама:

Дүниежүзілік кардиоваскулярлық және торакальдық хирургтер қауымдастығы 1990 жылы Канцлер Джуро Ваданың (Жапония) басшылығымен құрылды. Алғашқы кеңесі 1991 жылы Чиангмайда (Таиланд) өтті.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің