National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырған Гуманитарлық ғылымдардың «Ұлы дала» атты ІІ форумына қатысты

2017 жылғы 26 мамыр

Форумның салтанатты ашылу рәсіміне БҰҰ, ЮНЕСКО, сондай-ақ Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ислам ұйымы (ИСЕСКО), Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Ғылым қоры (ECO Science Foundation), Түркі кеңесі, ТҮРКСОЙ, ТүркПА сияқты халықаралық ұйымдар басшылары мен өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, іргелі зерттеу орталықтарының басшылары, көрнекті ғалымдар, дипломаттар қатысты.

Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың форумға қатысушылар мен меймандарға арнаған құттықтау сөзін оқып берді. Қазақстан Президенті бұл форумның құрлықтарды шекарасыз жалғаған ғылыми интеграцияға тың серпін беріп, өзара түсіністік пен ықпалдастықтың дамуына оң әсер ететініне сенім білдірген.

Ресей, АҚШ, Қытай, Венгрия, Германия, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Үндістан, сондай-ақ түркі тілдес елдерден келген 300-ге жуық ғалым және сарапшылар 6 панельді отырыста Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көтерілген міндеттер төңірегінде пайымды пікірлер білдіріп, баяндамалар жасады.

Атап айтқанда, «Рухани жаңғыру жолында», «Ғылым киесі: ғылыми интеграция және ортақ құндылықтар», «Тарихи жады және болашаққа көзқарас», «Түркі әдеби дәстүрі және қазіргі кезең», «Түркі тілдері: зерттеу, қорғау және дәріптеу», «Әлем өркениетіндегі Түркі мәдени мұрасы» атты алты секцияда қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру мәселесі, киелі жерлер мен қастерлі мекендерге арналған «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» жобасы, ғылымды дамыту проблемалары сияқты  жайттар жан-жақты талқыланды.

Форум аясында Мемлекеттік хатшы Түркі әлемі ғылымына сіңірген ерен еңбегі мен бауырлас халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, академик Мырзатай Жолдасбековті, сондай-ақ биыл 90 жасқа толған танымал ғалым, Татарстан Республикасының қоғам қайраткері, академик Мирфатых Закиевті халықаралық Түркі академиясының алтын медалімен марапаттады.

Сондай-ақ, форум жұмысы барысында соңғы жылдары Халықаралық Түркі академиясы жарыққа шығарған кітаптардың көрмесі ұйымдастырылды. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің