National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Астана қаласындағы № 82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты

2015 жылғы 09 желтоқсан

 

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Иманғалиев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Аманшаев, Мәжіліс Парламентінің депутаттары, білім саласы қызметкерлері, мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

Мемлекеттік хатшы құттықтау сөзінде Қазақстан Президенті дарынды балаларды табу мен жетілдіруге, еліміздің бәсекеге қабілетті адами капиталын арттыруға айрықша көңіл бөлетінін атап өтті. Мәселен, Мемлекет басшысының тапсырмасымен 1996 жылдан бастап дарынды балаларға, олардың мүмкіндіктерін жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасалды.

Г.Әбдіқалықова бүгінгі таңда барлық өңірде дарынды балаларға арналған мектептер желісі дамығанын, мамандандырылған білім беру мекемелері қарқынды жұмыс жасап отырғанын атап өтті. Елімізде мамандандырылған 121 білім беру мекемесі табысты жұмыс істейді, оларда жоғары білімді, бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға барлық жағдай жасалған. Сынақ алаңдарында дарынды балалардың мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған түрлі білім бағдарламалары байқаудан өткізілуде.  

Мемлекеттік хатшы мамандандырылған мектептердің жетістіктері елдің халықаралық деңгейдегі іс-шараларда алатын орнының көрсеткішін жақсартуға мүмкіндік бергеніне назар аударды. Атап айтқанда, Қазақстан биыл халықаралық пән олимпиадалары бойынша әлемде 15-орынды иеленді.

Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова іс-шара қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға еліміздің мамандандырылған білім мекемелерін одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.  

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің