National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған Қазақстанның VII азаматтық форумына қатысты

2016 жылғы 25 қараша

Форум үш жылда бір рет өткізіледі, ол азаматтық сектор мен мемлекеттік органдар өкілдерінің күш-жігерін жұмылдырып, ашық диалог жүргізуге бағытталған.

Форумға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өкілдері, дипломатиялық миссия басшылары, өңірлік форумдардың делегаттары – өңірлік және республикалық үкіметтік емес, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, сараптамалық қоғамдастық пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысының форум делегаттарына арнаған құттықтау хатын оқып берді. «Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі белесінде біз бүкіл ел болып Қазақстан жолының қорытындыларын шығарудамыз. Оның орасан мол табысының елеулі бөлігі азаматтық секторға тиесілі. Сіздердің белсенді және жасампаз еңбектеріңіз әрдайым қоғамымыздың әл-ауқатын арттыруға және Тәуелсіздігіміздің нығаюы жолына жұмсалсын!», – делінген Президенттің үндеуінде.

Қазақстанның VII азаматтық форумы азаматтық сектор алдына қойылған мәселелерді шешу жолдарын анықтап, соған сәйкес тиісті ұсынымдар әзірлеп, өңірлік делегаттарды сайлаған үкіметтік емес ұйымдар өткізген өңірлік форумдардың логикалық тұрғыдағы қорытындысы болып саналады.

Форум аясында делегаттардың орталық мемлекеттік органдар басшыларымен кездесуі өтіп, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылын және әлеуметтік қызмет көрсету сапасын жетілдіру мәселелері талқыланатын болады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің