National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Түзеу мекемелеріндегі жұмыспен қамтамасыз ету – 2017» атты түрме реформасының Екінші форумына қатысты

2014 жылғы 12 желтоқсан

 

Г.Әбдіқалықова форумға қатысушыларға арнаған сөзінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған кезеңнен бері қылмыстық-құқықтық қатынастарды, оның ішінде қылмыстық жазалауды орындау саласында ізгілендіру саясатын жүйелі әрі дәйекті жүргізіп келе жатқанына тоқталды. Бұл бағытта еліміздің пенитенциарлық жүйесін ізгілендіру және бейтараптандыру үдерісін одан әрі дамытуға бағытталған жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық және Қылмыстық-атқарушылық кодекстердің қабылдануы елеулі қадамға айналды.

Мемлекеттік хатшы қатысушыларды алда келе жатқан Ұлттық мерекеміз – Тәуелсіздік Күнімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі. Г.Әбдіқалықова ел Қазақстан Президентінің стратегиялық бағыты адамның толыққанды дамуы үшін барлық жағдайлар жасауға, оның құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға, материалдық әл-ауқатын мейлінше арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Форум барысында қатысушылар түрмеде жұмыспен қамтылғандар санын 2018 жылға қарай 75%-ға дейін арттыруды мақсат етіп отырған, Халықаралық түрме реформасы әзірлеген «Түзеу мекемелеріндегі жұмыспен қамтамасыз ету – 2017» жобасын талқылады. Жобада ұсынылған  заңнаманы жетілдіру және еңбек қызметін ұйымдастыру тәжірибесін, түзеу мекемелерінің өндірістік базасы мен оқу жүйесін дамытуды, бизнес құрылымдарын тарту шараларын қарады.

Форум аясында сотталғандарды түзеу және әлеуметтік бейімдеу, олардың еңбекке деген дағдыларын қалыптастыру мен ұштау мәселелері жөнінде пікір алмасылды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің