National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары

2015 жылғы 29 мамыр

 

Сапар барысында Г.Әбдіқалықова саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған жыл сайынғы жоба аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Шерлі шежіре аманаты» халықаралық форумына қатысты.

Атап айтқанда, Мемлекеттік хатшы «Қазақ халқына мың алғыс»  еске алу акциясына қатысып, «Батыс Қазақстан облысының тарихы – жасампаздық пен жетістіктер жолы» атты құжаттық-экспонаттық көрмеде болды. «Мәңгілік Ел» – ұлттық тарих пен тарихи зердедегі  құбылыс ретінде» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушыларға арнап сөз сөйледі.

Мемлекеттік хатшы бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау, тарихи мұраны зерделеу және сақтау, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын ілгерлетуге бағытталған жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыру жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Конференцияда сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Е.Тоғжанов, қазақстандық белгілі ғалымдар, ТМД, АҚШ, Оңтүстік Корея, Чехия елдерінен келген шетелдік сарапшылар сөз сөйледі.

Г.Әбдіқалықова Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында Бөкей ордасы ауданында орналасқан Бөкей ордасы тарихи-мұражайлық кешенде болып, тарихи экспонаттармен танысты және жергілікті зиялы қауым өкілдерімен жүздесті.

Мемлекеттік хатшы жұмыс сапары аясында Батыс Қазақстан облысының әйелдер қауымдастығы өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Ұлт Жоспары – 100 нақты қадамды, «Қазақстан-2050» стратегиясын, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатын, Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын іске асыруға әйелдер қауымының белсене қатысуы, отбасылық-демографиялық саясатты дамыту мәселелері талқыланды.

Сапар қорытындысы бойынша Г.Әбдіқалықова мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің