National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің маңызды іс-шаралары аясында өтіп жатқан «Әйелдер болашақтың энергиясын қолдайды» атты халықаралық форумға қатысты

2017 жылғы 31 тамыз

Форумға әлемнің 25 елінен 300-ден астам делегат қатысуда. Олардың қатарында Ресей Федерациясы Федералды Жиналысының Федерация Кеңесі төрайымының орынбасары Галина Карелова, Беларусь Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Наталья Кочанова, Қырғыз Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Чолпон Сұлтанбекова, Еуропа қайта құру және даму банкінің вице-президенті Элизабет Нельсон, Жаһандық әйелдер саммитінің президенті Ирен Нативидад, Өнертапқыш және кәсіпкер әйелдердің дүниежүзілік қауымдастығының президенті Ми-Йонг-Хан, «жасыл» экономика және баламалы энергетика саласындағы әлемдік әйелдер қауымының, мемлекеттік органдардың, бизнес саласының, үкіметтік емес ұйымдардың және Қазақстанның әйелдер қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Мемлекеттік хатшы құттықтау сөзінде бүгінде адамзат 4.0. индустриясының трансформациялық фазасына қадам жасағанын атап өтті. Экономиканың цифрландырылуы мен жаңа технологиялардың кең таралуы жасыл экономиканы дамытуға қажетті жаһандық жағдайды өзгертуде.

– Әйел энергиясы – ең таза әрі жасампаз энергия! Біз адамзаттың жасыл экономикаға ауысу және баламалы энергетиканы қолдану ісіне ерекше үлес қосуға тиіспіз, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Форумда «таза» энергетикаға көшу жағдайында орнықты және инклюзивті өсімді қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ мемлекеттің, бизнес пен азаматтық қоғамның тиімді серіктестігі негізінде баламалы энергетика мен жасыл экономика саласындағы инновациялық идеяларды ілгерілету ісінде әйелдердің атқаратын рөлі мен үлесі талқыланды.

Іс-шара қорытындысы бойынша әлемдік қоғамдастықты қоршаған ортаға жасалатын қысымды мейлінше азайту, климаттық өзгерістерді және табиғи ресурстардың жұтауын бәсеңдету жөніндегі халықаралық қағидаларды сақтауға шақырған, «жасыл» экономикаға көшу ісін жеделдетіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізетін Қарар қабылданды.

Мемлекеттік хатшы форум аясында шетелдік ресми делегация және халықаралық ұйымдар басшыларымен өткізген екіжақты кездесулерде «жасыл» экономикадағы және баламалы энергетикадағы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту саласындағы екіжақты қарым-қатынасты дамыту перспективалары талқыланды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің