Кездесу барысында мұнай-газ инфрақұрылымы, энергетика, көлік, денсаулық сақтау және өзге де салалардағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев компанияның Қазақстандағы белсенді инвестициялық қызметін және оны әрі қарай кеңейтуге әзірлігін атап өтті, сондай-ақ локомотив құрастыру жөніндегі бірлескен кәсіпорынның өнімдерін сыртқы нарықтарға шығарудың маңыздылығына тоқталды. Тараптар компания бөлімшелерінің мемлекеттік органдармен және елдегі ұлттық компаниялармен табысты өзара ықпалдастығына тоқталып, бірқатар инфрақұрылымдық және көліктік жобаларды қарастырды. «Дженерал Электрик» – Қазақстан Республикасындағы шетелдік ірі компанияның бірі. Оның клиенттері мен серіктестері қатарына өңірде 200-ден астам компания және ұйымдар кіреді. «Дженерал Электриктің» Алматыдағы өкілдігі 1994 жылы ашылды.