Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев пен Т. Учиямада елімізде автомобиль өнеркәсібін дамыту, соның ішінде осы «Тойота» маркалы автомобильдерді Қазақстан аумағында өндіру мәселелерін талқылады. «Тойота Мотор Корпорэйшн» - автомобиль құрастырушы жапониялық ірі корпорация. Ол қаржылық қызметтер де ұсынып, бизнестің өзге де бағыттарында жұмыс істейді. Компания қызметкерлерінің саны 320 мың адамнан асады.