National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың жаңа жол-көлік инфрақұрылымы нысандарының құрылысы барысымен таныс болды.

2012 жылғы 05 шілде

 

 

Қазақстан Президенті салынып жатқан шағын көлік айналымының көліктік төсемі және Орынбор көшесіндегі жаңа учаске сапасына өз бағасын берді.

Қаланың орталық магистралы – Орынбор көшесі Сол жағалаудағы әкімшілік орталық арқылы Астананың халықаралық әуежайына көлік өтуін қамтамасыз етеді және Астанаға келетін қонақтар, оның ішінде шетелдік үкіметтік делегация өтетін негізгі жолға айналады.

Шағын көлік айналымының жалпы ұзақтығы 28 шақырымды құрайды, бүгінде 13 шақырымы салынып біткен. Ол тәулігіне 90 мыңнан аса автокөлік өткізу мүмкіндігіне ие. Көлік айналымы құрылысының аяқталуы 2014 жылы қала орталығына кем дегенде тәулігіне 20 мың көлік жөнелтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шағын көлік айналымы құрылысының жобасына 18 көлік жолайрығы, жол өтпесі мен көпірлер енгізілген, ондағы 8 нысан қазір пайдалануға берілген.

Бұл жобаны іске асыру қаланың орталық бөлігіндегі жол сапасының жақсаруына тікелей мүмкіндік туғызады. Көлік ағынын қайта бөлу елордадағы даңғылдар мен орталық көшелердегі жол төсеміне жүктемені елеулі түрде азайтады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің