Қазақсан Президенті Астананың және Қазақстан тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсарту үшін жаңа нысандардың ашылуының маңызы зор екенін атап өтті.
- Бүгін, Елорда күні қарсаңында, мен қаладағы бірқатар индустриялық, әлеуметтік және мәдени нысандарда болдым. Атап айтқанда, консультативтік-диагностикалық емханасы бар көп салалы балалар ауруханасын, опера және балет театрын, сондай-ақ бірегей мәдениет нысаны «Қобыз сарайы» атты көп салалы концерт залын аралап көрдім. Бұл нысандардың жүзеге асырылуы қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру және дансаулықтарын жақсарту, сондай-ақ біздің елордамызға туристерді тартуға бағытталған маңызды әлеуметтік жобалар болып табылады. ТМД аумағында авиатехниканың жалғыз құрастырушысы болып табылатын «Eurocopter» тікұшақтарды құрастыратын және қызмет көрсететін зауыт маңызы ерекше индустриялық нысан болып табылады. Бұл еліміз үшін өте мәні зор оқиға, өйткені Қазақстанда бұған дейін тікұшақ өндірісі ешқашан болған емес.
Сонымен қатар, бүгін сіздер біздің елордамыздың жасыл белдеуінің жайқалып келе жатқанының куәсі болыңыздар. Біз оны Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы орман массивімен жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда «Жасл ел» бағдарламасы аясында жыл сайын мыңдаған гектарға ағаш отырғызылады, оның 5 мыңға жуығы Астанада. Бұл едәуір көлемді алқап болғанмен, әлі де болса жеткіліксіз, бүкіл еліміз, әрбір азамат осы жұмысқа атсалысуы керек. Бұл біздің болашақ ұрпақтарымызға және біздің еліміздің табиғатына сыйымыз. Мен барлық бұқаралық ақпарат құралдары қазақстандықтар арасында экологиялық мәдениетті дамытуды белсенді насихаттауы тиіс деп есептеймін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы кездесудің соңында оған қатысушылардың барлығын алда келе жатқан Елорда күнімен құттықтап, шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тіледі