National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрлігінің басшылық құрамына жаңа министр Ерлан Ыдырысовты таныстырды

2012 жылғы 28 қыркүйек

Қазақстан Президенті кездесуді ашқаннан кейін бүгінде Сыртқы істер министрлігінің алдында жаңа уақыттың талабына сәйкес жаңа міндеттер тұрғанын атап өтті.

- Мен Ержан Қазыхановтың Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалығы аясында атқарған қызметі үшін оған алғысымды білдіремін. Мұсылман елдерінде қалыптасқан жағдайдың қиындығына қарамастан, біз бұл миссияны жақсы атқардық деп есептеймін. Ерлан Ыдырысов Сыртқы істер министрлігінің басшылығында бұрын жұмыс істеді, сондай-ақ көп жыл Лондонда және Вашингтонда елші болды, осы уақытта мол тәжірибе жинады. Енді сол тәжірибесін халық пен елдің игілігі үшін пайдалану қажет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы сондай-ақ сыртқы экономикалық мәселелерді шешуге ерекше назар аудару қажеттігіне тоқталды.

- Сыртқы істер министрлігінде сыртқы экономикалық мәселелер бойынша жұмыс саласы күшейтілуі қажет. Біз индустриялық-инновациялық даму жөніндегі бағдарламаны іске асырудамыз. Біздің қазіргі міндетіміз – жаңа технологиялар тарту. Өте прагматикалық жұмыс жүргізудің маңызы зор. Атап айтқанда, нақты экономикалық байланысымыз, мүддеміз бар елдердегі елшіліктердің жұмысын күшейту керек. Шетелдегі жобаларға инвестиция салуға мүмкіндігіміз бар кезеңге келдік. Қажет болған жағдайда, біз жоғары технологиялы компанияларға акционер бола аламыз, - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев СІМ соңғы онжылдық ішінде барлық бағыт бойынша табысты жұмыстар жүргізгенін атап көрсетті.

- ЕҚЫҰ  Саммитінің өткізілуін басты іс-шара ретінде атауға болады, біздің ондағы төрағалығымыз әлемде үлкен резонансқа ие болды. Сондай-ақ, Қазақстанның Ислам ынтымақтастық ұйымына, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, АӨСШК-ге төрағалық етуін атап өтуге болады. Кеден одағындағы, Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі экономикалық бөлімдегі біздің қызметімізді атап көрсету керек, бұл - таяу жылдардағы жұмысымыздың ең басым бағыттарының бірі. Бұл – қазіргі кезде сіздердің алдарыңызда тұрған негізгі міндеттер, - деді Мемлекет басшысы.

 

 

Кездесудің бейне нұсқасын осы жерден көріңіз.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 24 қаңтар

Мемлекет басшысы «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады

2025 жылғы 27 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады

Жарлық

2025 жылғы 23 қаңтар

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің