Мемлекет басшысы «Наполеон. Өмір, Аңыз» көрмесінде болып, Астанада алғаш рет ұсынылып отырған Наполеон Бонапарт дәуірі мәдени мұрасының бірегей экспонаттарын көрді. Көрме Қазақстандағы Франция маусымы аясында өтті. Іс-шараны Ұлттық мұражайлар бірлестігі мен Үлкен сарай, сондай-ақ Францияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің бастамасы бойынша Наполеон қоры ұйымдастырды. Көрмеге Наполеон дәуіріндегі өнер туындылары мен қолжазбаларды қосқанда 300-ге жуық экспонат қойылған.