National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Нұрсұлтан Назарбаев жеңімпаздар форумына қатысты

2015 жылғы 27 сәуір

 

Мемлекет басшысы қазақстандықтар сайлауда тағы да тұтастығы мен бірлігін  паш еткенін атап өтті.

– Бүкіл Қазақстан кеше бір кісідей дауыс беруге келді. Мен азаматтардың отбасыларымен, балаларымен, немерелерімен сайлау учаскелеріне келгенін көрдім. Бұл үлкен жауапкершілік жүктейді, халқымыз өзінің тұрмысын, әл-ауқатын жақсартып, балаларын тәрбиелеуі және болашаққа сеніммен қарауы үшін не істеу керектігі туралы күні-түні ойлануға мәжбүрлейді, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев ел халқы сайлауға қатысу арқылы саяси мәдениетінің биік екенін көрсетіп, Президентке ғана емес, өз болашағына да дауыс бергенін айтты.

Елбасы сондай-ақ президенттік сайлауды ұйымдастыруға және өткізуге белсене қатысқан баршаға рақмет айтты.

Мемлекет басшысы сайлаудан кейін ауқымды жұмыс күтіп тұрғанына тоқталды.

– Біз Қазақстанды индустрияландыруды аяғына жеткізуге, балама экономика қалыптастыруға, сапалы табыс және кәсіби біліктілікпен байланысты жаңа жұмыс орындарын ашуға тиіспіз. «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырып, экономикалық байланыстарымызды белсендіру және транзитті мемлекетке айналу үшін бүкіл Қазақстанды жолдармен қамтуға тиіспіз. Осының бәрі – жаңа кезең, сіз бен біз атқаруға тиісті ауыр жұмыс. Мен ел алдында тұрған жаңа міндеттерді жүзеге асыруда бәрімізге табыс тілеймін, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі басымдықтардың сақталатынын айтты.

– Біз ішкі татулықты сақтаймыз, сондай-ақ одақтастарымыз бен серіктестеріміздің алдындағы міндеттемелерімізге адал боламыз. Өз ішіміздегі келісімді нығайтып, біздің өңірдегі және бүкіл планетадағы бейбітшілікке атсалысамыз. Бізге сенеді, сондықтан біз қақтығыс болған жердің бәрінде қантөгісті тоқтатуға үндейміз. Біз көпконфессиялы және көпэтносты елдің тату өмір сүре алатынын көрсетіп отырған Қазақстанның тәжірибесіне қарауға шақырамыз, – деді Мемлекет басшысы.

Соңында Қазақстан Президенті көрсетілген сенім үшін тағы да алғыс айта отырып, қазақстандықтарға амандық, елімізге татулық пен тыныштық тіледі. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің