Консультацияға сондай-ақ екі елдің тиісті мемлекеттік органдарының басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты. Тараптар Орталық Азиядағы және Ауғанстандағы ахуалды қамти отырып, қауіпсіздік саласындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, 2015 жылғы 1 қаңтардан ЕАЭО қызметінің басталуына байланысты өзара іс-қимылдарды талқылады. Сондай-ақ діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл, әскери-техникалық ынтымақтастық және көші-қон үдерістерін реттеу салаларындағы түрлі мәселелер жөнінде пікір алмасылды. Консультациялар қорытындысы бойынша қол жеткен уағдаластықтарды жүзеге асыру мақсатында хаттама әзірленді.