National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шетел инвесторлары кеңесінің 26-шы отырысы аясында Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесу өткізді

2013 жылғы 22 мамыр

Әңгімелесу барысында Еуропа қайта құру және даму банкінің Қазақстан экономикасының түрлі секторындағы мемлекеттік және жекеменшік жобаларды жүзеге асыруға қатысуының негізгі аспектілері талқыланды.

Мемлекет басшысы Еуропа қайта құру және даму банкі бүгінде тиімді диалог алаңына айналған Шетел инвесторлары кеңесін құруға беслене қатысқанын атап өтті.

- Кеңес отырысында инвесторларды толғандыратын барлық мәселе қарастырылады. Сонымен қатар, біз өз тілектеріміз бен ұсыныстарымызды айтамыз. Қазақстан мен Банк арасындағы екіжақты ынтымақтастық серпінді әрі табысты дамуда. Біз елімізді одан әрі дамуытуға бағытталған біздің серіктестігімізді өте жоғары бағалаймыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Мемлекет басшысына кездесу үшін алғысын айтып, екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді. 

Еуропа қайта құру және даму банкі 1991 жылы Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің нарықтық экономикаға өтуі кезінде жобаларға қаржылық көмек көрсету үшін құрылған. Бүгінде 64 ел және 2 халықаралық ұйым (Еуропа одағы және Еуропа инвестициялық банкі) Еуропа қайта құру және даму банкінің мүшесі болып саналады. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 24 қаңтар

Мемлекет басшысы «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады

2025 жылғы 27 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады

Жарлық

2025 жылғы 23 қаңтар

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің