Қазақстан Президенті жоғары халықаралық деңгейдегі ат спорты турнирін ресми түрде бастап берді. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Армения, Ресей, Украина, Молдова және Үндістан спортшылары қатысуда. Мұндай халықаралық жарыс Қазақстанда ат спортын дамытуға қуатты серпін береді. Осындай турнирлердің арқасында біздің еліміз әлемдік ат спорты орталығының біріне айналып отыр.