National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Елбасы қазіргі заманғы өнер мен технологиялардың Astana Art Fest І фестивалін және «Нұрлы Есіл» мультимедиалық лазерлі-пиротехникалық шоуды тамашалады

2015 жылғы 05 шілде

 

Мемлекет басшысы елорданың сулы-жасыл желекті бульварында Astana Art Fest фестивалінің алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесінің идеясын айшықтайтын «От энергиясы», Су энергиясы» және «Ауа энергиясы» тақырыптық аймақтарын аралап көрді.

Фестиваль алаңында Франция, Германия, Нидерланд, Италия, Испания, АҚШ, Ресей және Қазақстан суретшілерінің жұмыстары мен инновациялық инсталляциялар қойылды. Сонымен қатар, балаларға арналған шығармашылық шеберлік сыныптары, театрландырылған көше қойылымдары және болашақтың энергиясы туралы қызықты әрі интерактивті формада әңгімелейтін оқу семинарлары ұйымдастырылды.

***

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев және Түркияның бұрынғы  Президенті Абдулла Гүлмен бірге лазерлі-пиротехникалық шоуды тамашалады.

Есіл өзенінде орнатылған сахналық алаңда хореографиялық қойылымдар өтті, сондай-ақ симфоникалық оркестр қазақ халық музыкасы шығармалары мен классикалық композицияларды қазіргізаманғы мәнерде орындады.

Шоу барысында судан жасалған экранда түрлі елдердің тілінде қала күніне арналған құттықтаулар көрсетілді, ал су доғасы мен субұрқақтарда заманауи жарықты-лазерлік технологияны қолдану арқылы Астананың кескіні жасалды. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің