National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Шабыттандырушы өсім: адамдар, қалалар, экономикалар» атты ХІІ Астана экономикалық форумына қатысты

2019 жылғы 16 мамыр

Форумның пленарлық отырысының қатысушылары алдында сөз сөйлеген Қазақстанның Тұңғыш Президенті Астана экономикалық форумының өңірлік және жаһандық сын-қатерлерге төтеп беру үдерісіндегі маңызды рөлін атап өтті.

– Алдыңғы жылдары осы жерде талқыланған ұсыныстар мен идеялар Қазақстанға жаһандық сын-қатерлерді уақтылы ескеріп, қиындықтарды табысты еңсеруге мүмкіндік берді. Дамудың қазақстандық моделі қалыптасқан жағдайлар мен болжамдарға қарамастан өзінің тұрақтылығы мен тиімділігін дәлелдегенін білесіздер. Біз өршіл мақсаттар қойып, соларға қол жеткізе алдық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Пленарлық отырыс барысында Елбасы жаһандық экономикадағы соңғы өзгерістер туралы пікірін ортаға салып, мемлекетаралық диалогты жақсарту үшін бірқатар идея ұсынды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті сөйлеген сөзінде әлемдік экономиканы дамыту, цифрландыру, білім беру үдерістерінің трансформациясы, адам капиталына қойылатын талаптардың күшеюі, сондай-ақ урбанизация перспективалары сияқты мәселелерге тоқталды.

– Экономикалық жоспарлаудың көкжиегі тарылып келе жатқанын білесіздер. Күрделі жағдайлардан шығу жолдарын Біріккен Ұлттар ұйымы, G-20, Дүниежүзілік сауда ұйымы сияқты халықаралық ұйымдар мен форумдар аясында табуға болады. Бірлесе талқылау мен басқаруға көшетін кез келді. Таяуда Бейжіңде өткен «Бір белдеу, бір жол» ІІ форумында мен «Үш Д» жаңа геосаяси ахуалы негізінде тұрақты жаһандық архитектураны қалыптастыруды ұсындым. Бұл дегеніміз – үш деңгейде диалог орнату, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы Астана экономикалық форумы алаңында халықаралық диалог форматын кеңейту үшін шаралар қабылдауды ұсынды.

– Осы жерде айтылған идеялар әлемдік саясат пен экономиканың ең күрделі және өзекті мәселелеріне қатысты шешімдер табуға септігін тигізетініне сенімдімін, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің